Руханият • 30 Қыркүйек, 2019
Меценат мектепті жөндеп, ауылына су тартып берді
Кейде журналистерді күтпеген сапарлар шақырады. Әріптестеріміздің қолқалауымен аяқ астынан еліміздегі әйгілі үш мектептің бірі – Жетісу өңіріндегі Мамания мектебін көреміз деп кім ойлаған. Қазақ даласында бой көтерген алғашқы Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсарин мектептерінен кейін іргетасы қаланған, Жетісудың атақты байы Маман бидің балалары Тұрысбек, Сейітбаттал және Есенқұл қажылар 1899 жылы ұйымдастырып, 1903-1904 жылдары салып бітірген тарихи оқу ордасынан осылайша табылғанымыз бар. Бұл мектептің құрылыс жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы «Ғалия» медресесінің тәжірибесіне негізделгені аян.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019
Соңғы кезде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көзқарастары қабыспайтын тараптардың пайда болғанын байқап отырмыз. Халықтың әлеуметтік масылдығы туралы да, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы да екіұдай ой, түрлі пайым бар.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2019
ХҚО мамандары ыммен қызмет көрсетеді
Биыл 1300-ден астам ХҚО маманы қазақша ишарат тілі курсынан өткен. Жыл сайын 23 қыркүйек – Халықаралық ым тілдері күні ретінде атап өтіледі. БҰҰ осынау арнайы датаны 2017 жылы белгілеген болатын.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Ұлттық ұлан мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге көшті
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Ұлттық ұлан әскерінде де мемлекеттік тілді дамыту, жаңа әліпби негізінде оны оқып-үйренуге жағдай туғызу ерекше назарға алынған. Бұл тұрғыдағы шаралар биыл Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қатысуымен сәуір айында Нұрсұлтан қаласында Ұлттық ұландағы мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандармен үлкен оқу-әдістемелік жиыннан бастау алған-ды.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Алматы технологиялық университеті атауы мен таңбасын өзгертті
Алматы технологиялық университеті мұнан былай «Almaty Technological university» деп аталатын болды. Бұл туралы университетте БАҚ өкілдері үшін өткен Медиа күнінде мәлімдеді. Университет өзінің ребрендинг жасауын – білім беру нарығында табысты болуға ұмтылу, бәсекеге бейімделу және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамытуға жасалған қадам деп түсіндіреді.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2019
ВТБ Банкі капиталды жеңілдікпен қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасына қатысады
Операторы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын Baiterek Venture Fund АҚ-ның бұл бағдарламасы кәсіпкерліктің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2019
Қазақ делегациясы Дамаскідегі Әбу Насыр әл-Фарабидің қабіріне зиярат жасады
Келесі жылы «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы аталып өтеді. Осы ауқымды оқиғаға әзірлік барысында қазақстандық арнайы делегация Сирияның Дамаск қаласына іссапармен барды. Әрі бұл сапар мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыруды мақсат тұтады.
Руханият • 21 Қыркүйек, 2019
Алматыда қайраткер журналист Кәкімжан Қазыбаевқа арналған республикалық мәжіліс өтті
Журналист-жазушы, мемлекет жəне қоғам қайраткерi Кəкiмжан Қазыбаевтың туғанына биыл 90 жыл толды. Осыған орай бүгін қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Кәкімжан Қазыбаев – қайраткер, қаламгер, азамат» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2019
Бүгін отандық онкологтар барлық өңірде әйелдерді қатерлі ісікке тегін тексереді
Бүгін сенбі, яғни 21 қыркүйекте таңғы сағат 09.00-дан түскі 14.00-ге дейін Алматыдағы ҚР ДСМ Қазақ Онкология және Радиология ғылыми-зерттеу институты мен барлық облыстық онкологиялық диспансерлерде гинекологиялық қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау үшін, Ашық есік күні өтеді.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019
20 қыркүйек гинекологиялық рактан хабардарлықтың халықаралық күні болып жарияланды
Өкінішке орай, бүгінгі таңда қай елде болса да әйелдер арасында гинекологиялық қатерлі ісік түрлері көбейіп тұр. Жыл сайын Қазақстанда 1800-ге жуық адам жатыр мойны обырына шалдығады. Бұл кеселден жылына 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ал Еуропалық Одақта сағат сайын 2 әйел ЖМҚІ салдарынан өмірден озады. Жатыр мойны обыры – онкологиялық аурулардың ішінде 2 орынға шықты.