Қоғам • 15 Тамыз, 2021
Түтінсіз, никотині бар өнімдерге техникалық регламент қажет пе?
Бұл күндері Қазақстанның тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағы түтінсіз, никотині бар өнімдерге арналған ұлттық техникалық регламентті әзірлеп, оның қабылдау қажеттігі жөніндегі ашық хатпен Үкіметке жүгінді. Іле-шала бұл мәселеге Қазақстан ұлттық индустриалды палатасы да қосылып, «Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығы қолдау білдірді.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Алматыда жерді рұқсатсыз басып алған 64 адамға айыппұл салынды
Алматыда жер телімдерін заңсыз пайдаланатындарды анықтауда жүйелі жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Тамыз, 2021
ӘМСҚ дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін 18,3 млрд теңге бөлді
Бұл мәліметтерді Алматы қалалық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев бүгінгі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Тамыз, 2021
Пациент мектебі немесе күн сайын жарты сағат «ағаш аралау»
Осыдан 200 жылдай бұрын ағылшын дәрігері Уильям Геберден науқастарды оңалту үшін жарты жыл бойы күн сайын кемінде 30 минут ағаш кесуді ұсынып, кеудесінде ауыру сезімі бар науқастың жағдайының жақсарғанын бақылаған екен. Расында, күніне жасалған тек жарты сағаттық ширақ дене қозғалысы инфаркт қаупін, II типті диабетті, гипертонияны азайтуға, дене салмағын, ұйқыны қалыпқа келтіруге, емделуге жатқызған кезде оңалту мен сауығу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Коронавирус • 10 Тамыз, 2021
Қаза, өлім-жітім көбейген күндерде Алматының мешіттері де қазіргі ахуалдан қалыс қала алмайды. Бір жағынан дін мен дерттің байланысы, ем қабылдауда да өзіндік пәтуалар бар екенін жоққа шығаруға болмас. Мәселен, шипасы бар тұнбалар мен дәрі-дәрмектердің құрамында этил спирті немесе шошқа майы болуы мүмкін.
Экология • 09 Тамыз, 2021
Қала қауіпсіздігі үшін Іле Алатауының құзар биіктіктеріндегі мұздан пайда болған көлдерді ара-тұра тексеріп тұруға тура келеді. Сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мұндай тірліктерге құзырлы мекемелерден бөлек, қала билігі де мүдделі.
Коронавирус • 09 Тамыз, 2021
Күмәнданушылардың күдігі қашан сейіледі?
Туысқандар чаты мен әлеуметтік желілерде «Тойхананың артқы есігінен тығылып кіріп, тойлатып жүрген кезіміз» деп сурет салатын әумесерлер әлі де жеткілікті. Сондықтан бұл індеттің зардабы біразға дейін жалғасатынын жоққа шығаруға болмас. Егер оқырман есінде болса, еліміздегі ең алғашқы коронавирус індетін өңірлерге «экспорттаушылар» да осы құдалық пен тойдан қалмайтындар еді.
Коронавирус • 06 Тамыз, 2021
Алматыда індетке шалдыққандардың 23 пайызы жастар
Қоғамдық Денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматыда коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқастарды ауруханаға жатқызу және вакциналау туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 04 Тамыз, 2021
«Барымташылар» Францияда прокатқа шықты
Қазақ режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапондық кинематограф Лиза Такэба бірігіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда әупірімдеп жүріп, прокатқа шықты.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2021
Мегаполисте 241 бала емделіп жатыр
Бұл күнде бір ғана тәулікте Алматыда індетке шалдыққандар саны 1 500-ден асып жығылып жатқаны белгілі. Ендігі жерде коронавирустың «Дельта» штамы көбіне екпе салдырып үлгермеген жастарға, тіпті емізулі балаларға жұғып жатқаны тосын жаңалық емес. Вирус жұқтырғандардың 37%-ы 20-40 жас аралығындағылар екенін Алматы қалалық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы мәлімдеді.