Аймақтар • 11 Маусым, 2021
Карантиндік шектеулерге көнбейтіндер әлі де көп
Алматының мониторинг топтары қолданыстағы шектеу шараларының сақталуын бақылау үшін күн сайын кәсіпкерлік нысандарға бақылау жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 11 Маусым, 2021
Екпе алғандарға елімізде қандай артықшылықтар бар?
Қазір екінің бірін мазалайтын мәселе – Covid-19 екпесін ектіру, яки ектірмеу. Мұның себептері де жоқ емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2021
Мультфильмнің атасы қалдырған бұйымдар ұлттық киностудия мұражайын толықтырды
Әйгілі Әмен Қайдаровтың туған күнінде «Қазақфильм» киностудиясы маңызды оқиғаға мұрындық болды. Ұлттық мультипликациямыздың негізін қалаушының немересі Данияр Хасанов Ш.Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайына аты аңызға айналған атасының жеке құжаттары, бұйымдары мен мемлекеттік марапаттарын тапсырды. Іс-шараға әр жылдары киностудияда мэтрмен бірге жұмыс істеген анимация ардагерлері қатысты.
Медицина • 10 Маусым, 2021
Жүргізушілер скринингтен өтеді
Өкпе обыры – сүт безі қатерлі ісігінен кейін тұрған қауіпті кесел ғана емес, талай адамның өмірін бастапқыда біртіндеп, білдірмей жалмап жатқан дерт. Өкпе обырының өршуіне байланысты Алматы қаласында қанатқақты жоба жалғасын тапты. Өйткені өкпе рагы әлемде қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітімнің басты себепшісі және бұл аурудан жыл сайын 1,8 млн-ға жуық адам көз жұмады.
Аймақтар • 09 Маусым, 2021
Алматының денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру коронавируспен күресуге септеседі
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы кезекті тікелей эфир барысында қаланың денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және КВИ эпидемиясының таралуын болдырмауға бағытталған жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2021
Алматыда 54 мобильді екпе бригадасы жұмыс істейді
Бүгін, 9 маусымда Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Лазурный берег» ТК аумағында тұрғындар үшін алғашқы мобильді егу пункті ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Маусым, 2021
Денсаулық сақтау мекемелері қалыпты жұмыс режіміне ауысты
Дүйсенбі, яғни 7 маусым күні Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев БАҚ өкілдері көптен күткен баспасөз брифингін өткізді. Түске дейін Ж.Бекшин Алматы қаласы 1 маусымда «сары аймаққа» көшкенімен, эпидемиялық ахуал күрделі десе, түстен кейін Н.Табынбаев жағдайдың тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.
Аймақтар • 07 Маусым, 2021
Шарын шатқалындағы селден зардап шеккен екі адам емделіп шықты
Шарын шатқалында жүрген селден зардап шеккен екі адам Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2021
Алматыда 11 медициналық мекеме қалыпты жұмыс режиміне ауысты
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарының қалыпты жұмыс режиміне ауысқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2021
Жандарбек Бекшин: Коронавирус субұрқақтар арқылы да жұғуы мүмкін
Бүгін, 7 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-баспасөз конференциясы барысында Алматының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин субұрқақтар арқылы да коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.