Медицина • 29 Қаңтар, 2025
Елімізде соңғы жеті жылда алапес ауруы мүлде анықталмаған
Бүгінде елімізде алапес кеселі (Хансен ауруы) мүлде айылын жия бастағаны аңғарылады. Мұның айқын мысалы – соңғы жылдары науқастар арасында аталмыш дертке душар болған адам тіркелмеген. Алапеске тек егде жастағылар душар болатындықтан, бұл инфекция жер бетінен жойылып бара жатыр деуге болады.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Сөреде тұрмаса да, сұрағанға табылады...
Өткен жылдың 20 маусымда вейптерді елге әкелуге, өндіруге, сатуға, таратуға заңмен тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Заңға бағынбай, мұндай өнімдерді саудалағандарға жаза қарастырылған. Соған қарамастан, жастар арасында вейптерді заңсыз саудалайтындар тыйылмай тұр.
Алматы • 17 Қаңтар, 2025
Суқараңғылық емделеді: Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды
Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қазақ-неміс глаукома орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа орталықтың дүниеге келуі – адамның көру қабілетін білдірмей, біртіндеп ұрлайтын әрі бірінші кезекте соқырлыққа бастайтын суқараңғы кеселін емдеудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды белесі.
Денсаулық • 15 Қаңтар, 2025
Үнемі шаршау синдромы: Себебі, салдары, алдын алу жолдары
Бел қайыстырған тұрмыстың талай тауқыметі техникаға артылып, жұрттың өзіне бөлетін уақыты көбейгенімен, жасына қарамай, қанша ұйықтаса да ұйқысы қанбайтын, әбден демалса да діңкелеп жүретіндер көбейді. Тіпті созылмалы әлсіздік балалар арасында да жиі кездесетіні байқалады. Әлбетте, бұл мәселеге әркімнің өз көзқарасы бар десек те, бітпейтін бір шаршаудың кілтипаны қайда, одан қалай құтылуға болады?
Құқық • 18 Желтоқсан, 2024
Отбасындағы озбырлық: себебі, салдары, сабағы
Қоғам ізгілігінің өлшемі, өркениеттің нышаны, қала берді жай ғана адамдықтың белгісі – әйел баласына деген қамқорлық пен құрметтен көрінетінін бүгінгінің көзі ашық адамдарына айтып отырудың өзі әбестік. Өкінішке қарай, әлімжеттіктің тақсіретін тартып келе жатқандар жетіп артылады. «Өз үйіңнен жау шықса, қашатын жер табылмас» дегендей, тағдырдың азабы мен азарын өзгелерден емес, өз жақындарыңнан көруден асқан қасірет жоқ. Ал өтіп бара жатқан жылда қоғамды дүр сілкіндірген оқиғалар әлеуметке қаншалықты сабақ болды?
Өнер • 12 Желтоқсан, 2024
Татьяна ТАРСКАЯ: «Жолшыбай» рөлдер болған жоқ
Жаңа қойылымдарды жібермейтін алматылықтар үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Татьяна Тарскаяның есімі бөтен емес. Өнерде жолы болған, отандық сахнада өзіндік орны бар, талай актриса тек армандап өткен рөлдер бұйырған тұлғаны танымайтындар кемде-кем десек те болады.
Алматы • 12 Желтоқсан, 2024
Геопарк турист тартудың тетігіне айнала ма
Алматыда Жаһандық геопарктер жөніндегі Қазақстан Ұлттық комитеті мен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен «ЮНЕСКО геопарктері тұрақты даму мен ынтымақтастық үшін» халықаралық геофорумы өтті.
Алматы • 06 Желтоқсан, 2024
Қара топырақты қусырған тас көшелер, сұлу Алатауды көлегейлеген зәулім ғимараттар, жасыл желектерді тықсырып бара жатқан заманауи Алматының келбетіне апорты қашан да керек. Оңтүстік шаһардың брендіне айналған алма сұрыбын селекциялық сапамен жаңғыртып, туризмнің басты нышаны ретінде келген-кеткен қонақтарға келісті етіп ұсыну көкейкестілігін жоймақ түгілі, бұрынғыдан да өзекті бола түсті.
Тағзым • 22 Қараша, 2024
Мемориалдық кешеннің ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мұрындық болып, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі атсалысты.
Мәдениет • 19 Қараша, 2024
Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» сайтының тұсауы кесілді
Алматыда «Қазақстанның тұмса табиғаты» уеб-сайтының тұсаукесер рәсімі өтіп, сайт таныстырылымы аясында аттас фотокөрме қатар ашылып, жұртшылық назарына жоба дерекқорына кірген жан-жануарлардың тамаша фотосуреттері ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.