Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
254 материал табылды

Жастар • 21 Мамыр, 2023

«Juzz band» – жас өнерпаздар бастамасы

Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» деген ұғым бар. Қазақстан жастарының идеясы, сана-сезімі, көзқарасы, өнері, білім-білігі, тағы басқа қабілеттері сынға түсіп, арасынан үздіктері екшеліп, қоғам игілігіне жарап жатса нұр үстіне нұр емей не? Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екенін атап айтқымыз келеді.

Әдебиет • 17 Мамыр, 2023

Теледен төлеңгітке дейін

Қазақ ақын-жазушыларының көшпелілер өміріне, түркі дәуіріне соқпағаны кемде-кем шығар. Бергі күннің суретіне жан бітіргеннің өзінде тамырды, негізгі өзекті сол замандардан тартып жатады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «қазақтың арғы атасы батыр Түрік» деуі, Мағжан Жұмабаевтың «Түркістаны», Ұлықбек Есдәулеттің «Біз – түркілерміз» деп сарнап ала жөнелетін жыр сарыны, тізе берсе көп. Тәңір текті түркілер дәуірі айдай ақиқаттың өзі бола тұра, шынында да тарихтың ертегісі сияқты. «Тұранды түгелімен билеп тұрған, ертеде ертегі хан Афрасияб» дейтіні сондықтан шығар Мағжан ақынның.

Поэзия • 16 Мамыр, 2023

Жастар поэзиясы – неміс тілінде

Орталық Азия, атап айт­қанда, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Тә­жік­стан, Түр­ікменстан және Өзбекстан топырағында тү­леген жырлар кәрі құрлықта қанатын қомдап, Алмания руханиятына ат ізін салды. Түбі бір түркі халықтары жас шайырларының шоғыр-шо­ғыр жырлары тұтасқан қалың антологияға енген әр елдің жыры ана тілінде һәм неміс тіліне тәржімәланған нұсқасы қоса жариялануымен де құнды. Уақыт өткен сайын тамыры терең қазақ жырларының өрісі кеңіп-ақ келеді. Соның бір мысалы, Гёте топырағына барып, неміс оқырмандарымен сыр­ласатын осы антология.

Тарих • 14 Мамыр, 2023

Біржанның «Теміртасы»

Өткен күндері Ерлан Төлеутай шырқаған Біржан салдың атақты туындысы «Теміртасты» әлеуметтік желіден тыңдадым. «Абай» арна­сындағы бір бағдарламада арнайы шырқаған екен. Әншінің дауысынан атақты салдың қамырықты мұңы құлаққа келгендей әсерлендім. Ақынның терең мұңы шиыршық атқан шабыт күшімен асқақтап естілгені болмаса, аса қамырықты ән секілді сезілді. Зар, мұң, қамырықты қайғы қабаржып жатқанға ұқсайды түбінде. Осы жолы осылай сезіліп, әсер етті, бұған дейін бұл әнді қанша естісем де, әсерленбегеніме қайран қалдым. Екі-үш қайыра тыңдадым, аса қамырықты туынды. Көкейге осындай сөз орала берді.

Әдебиет • 08 Мамыр, 2023

Ақынның жүрегі – батырдың мінезі

Соғыс туралы өлеңдердің ішінен Сырбай Мәуленовтің жырларын ұнатып оқысам да, алдымнан Қасым Аманжолов шыға береді. Сұрапыл жылдардың рухын сезінгің келсе, бәлкім сәп-пәл жақындағыңыз келсе, Қасым мен Сырбайды қатар оқу керек шығар деп білемін.

Әдебиет • 28 Сәуір, 2023

Кітап оқымайды деген – бос сөз

Астанада бес күнге жалғасып, апта соңында аяқталған «Eurasian Book Fair-2023» Еуразия кітап көрме-жәрмеңкесі елімізде қаншама жылдан бері айтылып келе жатқан «қазір ешкім кітап оқымайды» деген дәйексіз сөздің сеңін бұзды. Мұнда кітап саудасы ғана емес, қазақ мәдениеті мен рухания­тында қордаланып қалған мәселелердің шеті қылтиып, көптеген сұрақтың жауабы табылды. «Фолиант» баспасы осымен алтыншы рет ұйымдастырып отырған рух тойына пара-пар кітап көрмесіне мемлекеттік деңгейде мән беріліп, кең ауқым алғаны көңіл көншітті. Бірақ айтарымыз басқа.

Әдебиет • 24 Сәуір, 2023

Айбоз атанған ақын

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Тобаяқтың 70 жасқа толуына орай «Арқа мен Жетісу айбозы» атты шығармашылық кеш өтті. Ақынның замандастары, зиялы қауым мен оқырмандар қатысқан іс-шарада кеш иесінің шығармашылығы төңірегінде әңгіме айтылып, қазақ өнерінің көрігі қыза түсті.

Әдебиет • 23 Сәуір, 2023

Талапшыл оқырманға тәбәрік

Былтыр жазушы Әлібек Асқаров Саха (Якутия) Республикасына ісса­пар­мен барған. Бұл соның нәтижесінде жарық көрген кітап. «Cаха-Якутия. Ақ қар, көк мұз әлеміне саяхат» деп аталады. Кеше ғана аяқталған Еуразиялық кітап-жәрмеңкесінде Якутиядан келген қонақтардың қаты­суымен кітаптың таныстырылымы өтіп, оны мемлекет және қоғам қайрат­кері Сауытбек Абдрахманов жүргізді.

Жәдігер • 17 Сәуір, 2023

Ертіс-Баян жәдігерлері

Екі иініне ел мұрасын қондырып елордаға Ертіс-Баян өңірі келді. Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына орай «Алаш аманаты» атты көрме қойып, қарық қылып жатыр. Жәдігерлерді әкелген Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі.

Әдебиет • 17 Сәуір, 2023

Өмір заңы: өлу не жеңу

Сіз де тарихи роман, хикаяларды, билеушілер туралы шығармаларды аз оқымаған шығарсыз. Билеушілер туралы тарихи дүниелердің кей тұстары жаныңды түршіктіреді ғой. Қантөгіс, қатыгездік, көнбегенді жазалау... Тарихта қашан да солай болғанын аңғару қиын емес және қайталанып келеді. Біз ондайда «қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек, десек те, адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте» деген Төлеген ақынның сөзіне жүгінеміз. Бойын ұлы сағыныш, іңкәр сезім билемесе, мың жерден батыр, айлакер патша болсын, оны ер деп тануға, адам деп санауға бола ма? Бұл аса үлкен һәм ұңғыл-шұңғыл, жым-жыласы көп тақырып болғандықтан әр қырынан келу керек шығар, алайда біз оқыған Морис Симашконың «Жусан» хикаясынан осындай ой түйдік. Шығарманы орысшадан Әбілмәжін Жұмабаев аударыпты.