Оқиға • 28 Желтоқсан, 2022
Елдің бәрі үздіге күткен Димаш бұл концертте соңына қарай шықты. «Астаналық тыңдармандармен кездеспегелі де жылдар өтіпті», деді. Аузына алты құрлық қараған әнші қазақы болмысы мен сөз саптасынан танбаған, халықтың арасына кіріп-шығып, елге ықыласын танытты. Сонысына сай шексіз қошеметке бөленді.
Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2022
Тарихи аналар бейнесін сомдаған
Дала сыры дәуірлердің мұңы мен жыры, адамзаттың үні арқылы әспеттеліп жатса, ел мен жер тарихындағы аналар рөлін қайда қоясыз? Осынау ұлы даладағы ұлағатты ұрпақты дүниеге әкеліп қана қоймай, бағып-қағып жеткізуші, махаббат пен мейірім сыйлаушы, керек кезде елдік пен ерліктің туын көтерген аналар бейнесінің тұтас галереясын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Шәрбану Бейсенованың шығармашылығынан көре аламыз.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2022
Қатты жерге тұрған қақ емес, ұлт деген өзіне жайлы ұлы мекенге лықсып кеп біткен теңіз не мұхит сияқты. Ол өз еркімен шалқып жатуы үшін маңдайына алтын әріппен жазылған азаттығы болуы тиіс. Біз күн сайын қызметке соны сезініп барып кіріссек, алтын басымыз төрде! Демек ұлт аяулы азаттық сөзін ұран қылып ұстап өтуге борышты.
Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2022
Сырбай Мәуленовтің «Ақ түн» деген өлеңі бар. Ақынның тамаша туындыларының қатарынан сол кездегі Ленинград (қазіргі тарихи Петербор) түнінің сыр-сипатын өлең тілінде өзгеше әспеттейді. Әсіресе Есіл бойында Астананың ақ түндерін кешіп келе жатқанда Сырбайдың осы өлеңі еске түседі. Біз Петербордың ақ түндерін көрген жоқпыз.
Өнер • 05 Желтоқсан, 2022
«Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дейді ғой Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңі туралы. Тура осы сөзді қазақтың күй өнеріне де қарата айтуға әбден болады. Тек Алаш топырағына тән өнер атаулының ішінде күй, оның ішінде Кетбұғаның «Ақсақ құланы» екібастан солай. Тыңдаған сайын әрі-сәрі күйге салады. Қазақ күйлері, оның ішінде домбырада тартылатын туындылардың ілкі бастауы осы туындыдан бас құрайтындай сезіледі. Домбыра аспабына қатысты кейбір тарихи оқиғалардың осы күйдің шығуы мен аяқталуына байланысты айтылатыны тағы тегін емес.
Өнер • 30 Қараша, 2022
Қазақ күй өнері дегенде, оның үлкен мектебіне жататын шертпе күйлерге соқпай кете алмаймыз. Осы орайда, 1-3 желтоқсан аралығында Алматыда өтетін республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі – ұлт руханиятын насихаттауда үлкен оқиғаға айналмақшы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Жанғали Жүзбаев мәлім етті.
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Бұл да бір қызық әңгіме, оқырман! Бұл да бір қызық сұрақ. Менімен келіспеуіңізге де, келісуіңізге де болады. Әлемді құтқаратын адамзаттың аяулы сезімдерінің бірі десек, ол – түпсенімі шығар. Әрине, сіз бұған дейін өткен ғұламалардың сөздерін келтіріп, бірнеше қисынға жыққаныңызбен, оларға да неше түрлі уәж бен дау айтылып, жазылып жүргенін білеміз. Мәселен, Достоевскийдің «әлемді құтқаратын сұлулық» деген сөзі кең таралғанымен, оған да әркім әртүрлі дау айтады. Біреулері «сұлулық емес, мейірім, махаббат құтқаратынын» дәйектейді. Ақыры әлемді қандай қасиет, нендей сезім құтқарады деген сұрақ сол қалпы жауапсыз қалғанға ұқсайды. Анығында әлемді адамзат баласы құтқарып қала алмайтын сияқты көрінеді. Тіпті адамзаттың кейбір сезімдерін техникалық құбылыстар жалмап бара жатқанда мұндай әңгіме айтудың өзі... Күлкілі сияқты сезіледі, кейде. Ал әдебиеттегі кейіпкерлер әлемі арқылы саралай бастасақ, біраз жайдың беті ашылардай көрінеді.
Әдебиет • 28 Қараша, 2022
Басынан өтпей, жүрегіне жетпей жазбайтын сияқты болады да тұрады. Мүмкін бір кезеңнің айтулы оқиғасы шығар, заманның зеріктірген жаттанды әңгімесі ме екен, бәлкім жалғыз ғана сәті не мезеті делік, бәрі бір адамның басына тап келе беруі мүмкін емес қой. Солай бола тұра, әңгімелеріне әулиенің айтқанындай сенесіз. Қалтқысыз сенесіз, қапысыз танисыз табиғатын. Бастан кешіргендей әсерленесіз. Жып-жылы жүректің буындай баурайтынын қайтерсіз және. Сондықтан біз таныған Мархабат Байғұт әңгімеші болып туған, жүре қалыптаспаған дер едік.
Руханият • 24 Қараша, 2022
«Концертіміз осымен аяқталды» дейтін еді ғой әдетте. Концерт аяқталады, ән мен күй аяқталмайды, бірақ. Біреудің жүрегінен шыққан сәуле біреудің жүрегіне от болып түсе ме, шоқ болып түсе ме, әйтеуір тыңдағанның жанын қозғай алса, өнер иесінің парызы өтелгені де. Демек ән жарыққа шығып, көпшілікке жария болғасын, сүйіп қалған демей-ақ қояйық, сол туындыны ұнатып қалғандардың жанында, көңілінде жасай беруі бек мүмкін.
Кино • 13 Қараша, 2022
«Қара Қабылан» қазақша сөйледі
Бұдан былай қазақ көрермендері MARVEL-дің фантастикалық блокбастері «Қара Қабылан: Ваканда жасасын» фильмін қазақ тілінде тамашалай алады. Күні кеше ғана Астанадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығындағы Kinopark-та әйгілі туындының қазақша дыбысталған нұсқасы алғаш көрсетілді.