Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
213 материал табылды

Әдебиет • 29 Ақпан, 2024

Өрім талдай Сәулімдер

«Еркін бейбіт ауылым-ай,Жас өрім талдай сәулім-ай.Қырдың ерке сұлуыСағындым сені, бауырым-ай», дейді Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» әнінде. Иә, қателескен жоқсыз, сәулем емес, сәулім болса керек. Бұл не сөз деп таңыр­қайтын шығарсыз, бірақ анығы – осы. Сәулім. Жалғыз-ақ ауыз сөз әннің бүкіл реңін ашқаны өз алдына, қазақтың тілдік қолданысында ертеден бар екеніне көз жеткізген соң барып айтып отырмыз.

Мәдениет • 29 Ақпан, 2024

Әр халықтың өнерін әйгілейді

Құрылғанына бірер айдың жүзі болған «Birlik» ан­самблі бүгінгі Алғыс айту күніне орай Астанадағы «Бей­бітшілік және келісім» сарайында тұңғыш концер­тін беріп жатыр. Мә­дениет және ақпарат министрл­ігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақ­концерт» мемлекет­тік академиялық кон­церт­тік ұйымының жанынан құрылған ансамбльдің тұ­сау­кесер концер­тінің бүгінге қойылуы да тегін емес. Кеше шы­ғар­машылық ұжым­ның дайындығынан білге­німіздей, ұйымдастыру­шылар­дың айтуынша, бұн­дай ансамбль біздің елде бұрын-соңды болмаған.

Әдебиет • 25 Ақпан, 2024

Аңыздан ахуалға дейін...

Байырғы әдебиетін, аңыз-әңгімелерін, ертегі-мифтерін жаңғыртқан ел жұ­тамайды. Мұқағали «қуат алып жырына бәз даладан» дегендей, бұрынғы ілкі бастауын қастерлеген ұлт соны жаңғыртып, заманауи жасандырған сайын өр­кен­дейтін сияқты болады да тұрады. Қазіргі небір керемет жауһар туын­ды­лар, фильмдер (мәселен, «Аватар») ежелгі мифтер мен ертегілерден та­мыр тар­татыны байқалады. Әлемдік өркениет те ең ежелгі ертегілердің со­ңы­нан қуа-қуа, ақыры бүгінде ғылыми техникалық жетістіктер соның бәрін ба­сып оз­ған­дай. Ол басқа әңгіме десек те, қандай да бір құндылықтар мен жетіс­тік­тер­дің­ бастауы ежелгі әдебиет пен ертегі-аңыз әңгімелерге сүйенетіні несі екен?

Поэзия • 22 Ақпан, 2024

Киік сарын – биік сарын

Ақ киік, жез киік, қызыл киік туралы аңыз көп ел ішінде. Тек қазақ даласына тән жануар болған соң аңызымен қоса күйі де, әні де мол. Поэзиялық, прозалық шығармалар қаншама. Осылардың арасында алғашқылардың бірі болып құлаққа шалынары көнеден келе жатқан күйлер, олардың арасында Ықыластың «Жезкиігі» болса керек. Құрманғазы шалған «Ақсақ киіктің» жөні басқа. Теріс бұрауда тартылатын Ықыластың «Жезкиігі» қандай кең арналы күй болса, соғұрлым аңыз-әңгімесі де мол.

Әдебиет • 20 Ақпан, 2024

Оны ұмытқан өзі де ұмытылады

«Күнікейдің жазығында» Жүсіпбек Күнікейдің «жазығын» ғана суреттемейді ғой. Жалғыз-ақ әйел теңсіздігі емес. Адам құқығы, ар бостандығы туралы толғай келе күллі қазақ өмірін суреттейді. Жалпы, шығарманың ауқымы кең, аспаны биік, сондықтан шындығы да жалғыз кейіпкерге байланып қалмаған. Әркім өзінше ұнатып, бойлағанынша ой қорыта береді. Тұтас шығарма былай тұрсын, әр бөліміндегі бір үзіндіні кесіп алып сөйлетсе де көптеген жайтқа куәдар боламыз.

Байқау • 12 Ақпан, 2024

Үздік оқырмандар үкіленді

Оқушылар мен мұға­лімдер арасында кітап оқу мәдениетін кө­теру мақ­сатында А.Бай­тұр­сынұлы Білім ака­де­миясы республикалық «Үздік оқырман» мұ­ға­­лімдер байқауын ұйым­дастырып, қоры­тындысы салтанатты жағдайда өтті. «Оқу­ға құштар мектеп» жо­басы аясындағы бай­қау Астанадағы Ы.Алтынсарин атын­дағы BINOM SCHOOL мек­теп-лицейінде қоры­тын­дыланды.

Ән • 08 Ақпан, 2024

Зұлқияның әні

Иә, Зұлқияның әнін орындамаған әнші кемде-кем шығар. Сонау Сәкендер заманында да, бүгінгі біздің уақытта да. Әріде Майра Уәлиқызы, беріде Рамазан Стамғазиев салғанынан-ақ ертеден келе жатқан шоқтықты туынды деуге болар. Қателеспесем, бірер бағдарламаға да өзек болған шығарма. Сөз басында Сәкенді де тегін атамадық, ән туралы тұңғыш жазушылардың бірі де осы бабамыз ба екен деген ойға қалдық.

Әдебиет • 06 Ақпан, 2024

Екі ши мен екі-үш үй

Отқа жанған талдың қабығын немесе әлсіз ғана жас бұта, әлде шиді көрген шығарсыз. Ши дегенде, далада түптеліп өсетін табиғиы. Түбіріне ат сүрінеді ондай шидің. Қалың қараған мен тобылғы, небір қия тастан екі аттап аман өтетін кей жүйрік ши түбінен сүрініп кетіп жатады. Жайылып өскен бір түп шиге бір үйір жылқы тояттайды дейтін үлкендер. Мүмкін асырып айтты ма екен, әлде бір түп ши дегені бір түбірден өсіп жетілген бірнеше түптен тұра ма екен, білмеймін.

Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024

Дыбыстар диалогі

«Төбелесті күтпеген жерден бастау керек, сонда қызық болады» депті ақын Тоқаш Бердияров. Тоқаш ағасының осы бір сөзін Есенғали Раушанов эпиграф етіп алып, ол кісінің ішкі даусын керемет өлеңге айналдырған. Бұл – жалғыз Тоқаш ағаға арнау емес, жеке туынды, поэзия. Ішкі даусы, яғни жанының үні болмаса, адамның бары не, жоғы не. Ол неден бас тартып, қалайша тебіндейді – басқа әңгіме. Бар болғаны – адам туғанда дауыс салып туады.

Поэзия • 05 Желтоқсан, 2023

Ұстараның жүзіндегі өмір...

«Таң атады. Түс. Ымырт, түн кіре­ді.­Естіледі Музаның мұңды лебі.Эрмитажда күліп тұр Джоконда,Жылап тұрған шығар ол?Кім біледі...»