Әлем • 03 Сәуір, 2023
Turkiy adabiyot durdonalari – бұл түркі әдебиетінің жауһарлары деген сөз. Осындай атаумен Өзбекстанда жарық көрген 100 томдық антологияның 10 томы қазақ әдебиетіне арналған.
Кітапхана • 28 Наурыз, 2023
Хаттар. Неше түрлі терең ой мен сан қилы көңіл күйді суреттейтін осы бір сырлы әлемде кімнің жүрек сөзі айтылмады дейсіз? Адамзат баласы технократтық заманға иек сүйемей тұрғанда қарым-қатынастың ең кереметі ақ қағаз бен қара сия болғаны шындық. Әсем ойларды, ақжарма тілектер мен ағыл-тегіл сезімдерді жердің мына бетінен ана шетіне жеткізетін хаттар легі кешегі күндердің куәгері екенін ұмытқан жоқпыз. Ұлы Толстой Чеховқа жазған бір хатында: «Бәрін ойлап табуға болады, тек психологизмді ойлап таба алмаймыз» деп жазғаны бар-ды. Осы бір салмақты сөзді, әрине, бір данышпан келесі бір талант иесіне хатпен жеткізді. Бұл да болса құсни хаттардың көкжиегінің кеңдігін, оның ойды тұсамай, еркін самғататынын білдірмек.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2023
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, қаршадайынан қолына қара домбыра ұстап, ұлттық өнерге ден қойған ұрпақтарға сүйінбей тұра алмайсыз. Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды.
Қоғам • 07 Наурыз, 2023
Қазақ ғылымына өз үлесімізді қоссақ деп талпынып жүрген жастар аз емес. Шыны керек олардың білімін тереңдетіп, тәжірибесін жетілдіруге «Болашақ» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама аясында қазақтың білім қуған ұл-қыздары әлемнің әр қиырындағы маңдайалды оқу орындарына түсіп, тәжірибе алмасып, қанаттарын қатайтты. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі ғылым саласына үлес қосып жүрген жастар баршылық. Соның бірі – Арай Ильясова-Шенфельд. Ол «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. Кейіпкеріміз 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік оқу орны Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітіріп, кейін 2017 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Жастар • 07 Наурыз, 2023
Қазақтың дүниенің әр қиырында жүрген ұл-қыздары қашанда өнерімен, адал еңбегімен жұрт көзіне түсіп жатады. Олардың жүрегінде бір мақсат бар десек, ол – ұлт үшін еңбек ету болса керек. Бүгінгі кейіпкеріміз миллиард халықтың ішінде жүрсе де, ұлтының ертеңгі болашағы үшін жұмыс істеуді өзіне парыз санаған қаракөздеріміздің бірі – Минар Нұрләззатқызы.
Әлем • 22 Ақпан, 2023
Өркениеттің ошағы саналатын көне де тарихи қала Лондонда тұратын ағылшындар қазақша үйреніп жатқанын естіп, қатты қуанған жайымыз бар. Сөйтсек, алпауыт қаланың ақ жарқын тұрғындарының ана тілімізге деген махаббатын әнші Димаш Құдайберген оятқан екен.
Қоғам • 22 Ақпан, 2023
Әділет министрлігі азаматтарға қолайлы болуы үшін әзірленген және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған Digital Justice (цифрлық әділет) жобаларын таныстырды. Ол «Е-заң көмегі», «Аттестаттау реинжинирингі», «МИБ-ті цифрландыру», смартфондардан мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі секілді 7 жобадан тұрады.
Таным • 09 Ақпан, 2023
1955 жылы ғалым Альберт Эйнштейн қайтыс болғаннан кейін оның миы алынып, 240 бөлікке бөлшектеліп, бүкіл әлем ғалымдарына бір-бірден таратылды. Сол Эйнштейннің миы қазір қайда?
Жәдігер • 09 Ақпан, 2023
Тағы бір жыл аунап түсіп, Мұқағали ақынның туған күні екенін еске алып отырмыз. Көзі тірісінде-ақ «Естеліктер жазылар мен туралы» деп кеткен ақиық ақынның шығармашылығы, адами болмысы, таланты туралы қаншама еңбек жазылды. Қазіргі күні қазақ поэзиясын Мұқағали Мақатаевсыз елестете алмаймыз. Жылдар өткен сайын ақынның тұтынған заттары жәдігер болып табылып жатыр. Соның бірі – ақынның өзі ұстаған қамшы.
Сұхбат • 07 Ақпан, 2023
Аида Егембердиева: Жазушы рухани көшбасшы болуы керек
Кейде өз пікіріңе өзің разы болып, тіпті соған алданып жүретін кездер де болады. Осындайда өзгенің көзқарасын білгің келіп, айналаңнан әлдекімді іздейсің, сырласып, сұхбаттасқың келеді. Осы орайда қырғыз ақыны, филология ғылымдарының докторы Аида Егембердиевамен аз-кем әңгімелестік.