Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
163 материал табылды

Әлем • 18 Қазан, 2021

Әлемдегі ең алғашқы газеттер

Қазір екінің бірі «Болашақта адамдар газет оқи ма? Жоқ әлде бүкілдей басылым электронды жүйеге көше ме?» деген сұраққа жауап таппай дағдарады. Кейде алға ұмтылу үшін кешегі тарихқа да көз салғанымыз жөн секілді. Осыдан VІ-VІІ ғасыр бұрын ашылып, әлі күнге дейін жұмыс істеп, оқырманын қанағаттандырып келе жатқан газеттердің де бар екенін білген соң, қағазға басылған дүниенің өз оқырманы бола беретініне көзіміз жетті.

Әдебиет • 14 Қазан, 2021

Қазіргі қазақ романы қай деңгейде?

Роман жазуды ешкім ешкімге үйретпейді.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Өлеңнен алып, өлеңге берген...

Ол осы күнге дейін өлең дейтін хандықтың әміршісі секілді күй кешті. Себебі оның жырында дала, кең жайлау, аршаның иісі, қарағайдың қуаты, бұлақтың мөлдірлігі, судың пәктігі, көңілдің тазалығы, жүректің лүпілі бар еді. Қазақы қалыпты, қайсар рухты шымырлатып жіберердей өлең жазса, Сұраған Рахметұлы жазсын.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Абдулразак Гурна: Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды

Биылғы Нобель әдебиет сый­лығын Ұлыбританиялық жазушы Абдулразак Гурна иеленді. Ол – Танзания тумасы. 73 жас­та. Шығармаларын ағылшын тілінде жазады. «Құлшылыққа ба­рар жол», «Жұмақ», «Өзен жағасында», «Соңғы сыйлық» сияқ­ты керемет романдары бар.

Әдебиет • 07 Қазан, 2021

Жазушылардың жұмысы мәңгі тоқтамайды

Танзания тумасы Абдулразак Груна жетінші қазан күні Нобель әдебиет сыйлығының иегері атанды. Нобель академиясының қызметкері Адам Смис оған телефон шалып, шағын сұхбат жүргізді. 

Әлем • 06 Қазан, 2021

Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кім алады?

Бұл алпауыт сыйлық талай жазушының атын алысқа жеткізді. Себебі, оның дақпырты мен даңқы бөлектігінде. Былай қарасаң, қазіргі әдебиеттің өлшемі мәлім бір сыйлықтар емес екені шындық. Бірақ, өнер үшін сыйлық та керек-ақ.

Әдебиет • 03 Қазан, 2021

Диккенстің Лондоны

Егер жұмақ пен тозақ көршілес болса, онда махаббат пен ғадауат та солай. Бірін-бірі аңдып күнелтетін сыңайлы. Бұған мысал ретінде әлемдегі көптеген оқиғаны айтуға болады. Әдебиет пен оған бодаусыз еңбек еткен тұлғалардың өмірі, қызықты оқиғалары мен шығармашылығы туралы ізденіс жасау біз үшін әрқашан қажет үрдіс. Мейлі, қаншама жылдар өтсін, қағаз бетіндегі еңбекті жел ұшырып, жаңбыр шайып немесе тасқын ағызып кеткені жоқ. Оның жалғыз ғана «жауы» бар, ол болса – оқырман санасынан өшуі.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2021

Чилидің Шолпан жұлдызы

Оның есімі Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш латын­америка­лық ақын ретінде тарих бетіне жазылып қалды. Сонау 1945 жылы оның таланты мен әдебиетке сіңірген еңбегі оны сыйлықтың төріне шығарды. Алты жыл өткен соң, Чили үкіметі оған әдебиет саласы бойынша берілетін Мемлекеттік сыйлығын ұсынды. Әдебиетке деген жанкештілігі мен адалдығы турасында оның қаламдастары көптеген естелік айтып, Габриела Мистральдың даңқын аспандатты.

Әдебиет • 15 Қыркүйек, 2021

Пандемия: әдебиеттегі көңіл күй

Әр замандағы ірі оқиғаларды, тарихи сәттерді бүгінгі ұрпақ әдебиет пен тарихтың қағаз бетіндегі мыңжылдық архивтерінен оқиды, санаға түйеді.