
Қоғам • 12 Сәуір, 2023
1992 жылы елімізге қонаққа келген жапон принці Такемура Қазақстан Президентінен жапон тұтқындарының Қазақ даласында қалған қабірлері туралы деректерді сұрайды. Сол кезде әскери тарихшы Асқанбек Сапарұлын кездесуге шақырады. Тарихшы Жапон елінің Қазақ топырағындағы әскери тұтқындарының қабірін іздестіріп тауып беруге сөз береді. Соғыс ардагері, әскери тарихшы Асқанбек Сапарұлы «Қазақ жеріндегі жапон бейіттері» атты кітап жазып, жапон елінің зиялылары мен туыс-туғандарының қабірін іздеп әлекке түскен жапондықтарға үміт отын сыйлап еді.
Ғылым • 11 Сәуір, 2023
Ғылымға ыждағаттылық керек дегенді жиі айтамыз. Ал сол тәжірибені басынан өткізген ғалымның бірі марқұм Сұлукен Рахмадиева еді. Ол отандық фармацевтиканы дамытуға зор еңбек сіңірген еді. Бір өзі 45 түрлі дәрі жасап шықты.
Сұхбат • 05 Сәуір, 2023
Адамзат сақталса, сөз сақталады
Әдебиеттің шекарасыз әлем екенін бәрі мойындады. Ал енді оның сапасы мен уақыт талабына, замана көшіне ілесуіне де назар аударатын кез келді. Артық айтпасақ, аптасына бүкіл дүниежүзінде неше жүз мың кітап баспадан шығып, оқырманға тарайды екен. Ал оның кейінгі халі нешік? Ол туралы да сұрақ көп, сауал сан. Бүгінгі дөңгелек үстел басында біз қазіргі романдар, балалар әдебиетінің маңызы және көркем шығарма ұлтты тәрбиелей ала ма деген өзекті сауал туралы ой қорытамыз. Қатысушылар алты мемлекеттің қаламгерлері. Олар – Ибраһим Фарғали (Иран), Андре Бабин (Канада), Лю Лянчэн (Қытай), Айгүл Кемелбаева (Қазақстан), Это Тедиашви (Грузия), Жавлан Жойлов (Өзбекстан).
Сұхбат • 04 Сәуір, 2023
Яаркко Тонтти: Дәстүрлі кітапта мистикалық сарын бар
Яаркко Тонтти – фин жазушысы. Университетте заңгер мамандығы бойынша оқыса да, ол әдебиетпен айналысуды өмірлік мақсатына айналдырған. «Жара», «Мұра», «Самғау», «Би залы», «Қайта қауышқан класс» сияқты романдары жарық көрген. Фин қаламгерімен әңгімеміз ағылшын тілінде өрбіді.
Әлем • 03 Сәуір, 2023
Turkiy adabiyot durdonalari – бұл түркі әдебиетінің жауһарлары деген сөз. Осындай атаумен Өзбекстанда жарық көрген 100 томдық антологияның 10 томы қазақ әдебиетіне арналған.
Кітапхана • 28 Наурыз, 2023
Хаттар. Неше түрлі терең ой мен сан қилы көңіл күйді суреттейтін осы бір сырлы әлемде кімнің жүрек сөзі айтылмады дейсіз? Адамзат баласы технократтық заманға иек сүйемей тұрғанда қарым-қатынастың ең кереметі ақ қағаз бен қара сия болғаны шындық. Әсем ойларды, ақжарма тілектер мен ағыл-тегіл сезімдерді жердің мына бетінен ана шетіне жеткізетін хаттар легі кешегі күндердің куәгері екенін ұмытқан жоқпыз. Ұлы Толстой Чеховқа жазған бір хатында: «Бәрін ойлап табуға болады, тек психологизмді ойлап таба алмаймыз» деп жазғаны бар-ды. Осы бір салмақты сөзді, әрине, бір данышпан келесі бір талант иесіне хатпен жеткізді. Бұл да болса құсни хаттардың көкжиегінің кеңдігін, оның ойды тұсамай, еркін самғататынын білдірмек.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2023
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, қаршадайынан қолына қара домбыра ұстап, ұлттық өнерге ден қойған ұрпақтарға сүйінбей тұра алмайсыз. Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды.
Қоғам • 07 Наурыз, 2023
Қазақ ғылымына өз үлесімізді қоссақ деп талпынып жүрген жастар аз емес. Шыны керек олардың білімін тереңдетіп, тәжірибесін жетілдіруге «Болашақ» бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама аясында қазақтың білім қуған ұл-қыздары әлемнің әр қиырындағы маңдайалды оқу орындарына түсіп, тәжірибе алмасып, қанаттарын қатайтты. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі ғылым саласына үлес қосып жүрген жастар баршылық. Соның бірі – Арай Ильясова-Шенфельд. Ол «Болашақ» стипендиясының екі мәрте иегері. Кейіпкеріміз 2010 жылы Ұлыбританияның ең ірі және үздік оқу орны Ноттингем университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітіріп, кейін 2017 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Жастар • 07 Наурыз, 2023
Қазақтың дүниенің әр қиырында жүрген ұл-қыздары қашанда өнерімен, адал еңбегімен жұрт көзіне түсіп жатады. Олардың жүрегінде бір мақсат бар десек, ол – ұлт үшін еңбек ету болса керек. Бүгінгі кейіпкеріміз миллиард халықтың ішінде жүрсе де, ұлтының ертеңгі болашағы үшін жұмыс істеуді өзіне парыз санаған қаракөздеріміздің бірі – Минар Нұрләззатқызы.
Әлем • 22 Ақпан, 2023
Өркениеттің ошағы саналатын көне де тарихи қала Лондонда тұратын ағылшындар қазақша үйреніп жатқанын естіп, қатты қуанған жайымыз бар. Сөйтсек, алпауыт қаланың ақ жарқын тұрғындарының ана тілімізге деген махаббатын әнші Димаш Құдайберген оятқан екен.