Ең қысқа әңгіме • 23 Шілде, 2023
Тасын түртсең, тарихы сайрап қоя беретін Әулиеата топырағында кейінгі үш айда екінші көне қаланың орны табылды. Бұған дейін мамандар Жамбыл ауданына қарасты Құмтиын ауылының маңынан байырғы Қаракемер қалашығының орнын анықтаса, енді, міне, Қаратаудың теріскей тұсынан тағы бір ежелгі шаһардың орны нақтыланды.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
«Қазпромлит» көмек қолын созды
Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Тереңөзек ауылындағы жеті түтін бір күнде айтарлықтай шығынға батқаны мәлім. Найзағай соққысы бір үйір жылқыны жер жастандырды. Жиырма алты бас жылқыдан айырылған жұрттың жүйкесі сыр берген болатын.
Өнер • 19 Шілде, 2023
Қазақ биі десе, Шара Жиенқұлова, Шұғыла Сапарғалиевалар бірден ойға оралатыны бар. Мамандар биді бекзат өнер деп бағалайды. Музыканың ырғағымен біте қайнасып кететін бишілердің еңбегі ерен екеніне ешкімнің күмәні жоқ.
Білім • 17 Шілде, 2023
Биылғы оқу жылында түрлі мамандықтар бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін 4 255 студент тәмамдады. Олардың 4 037-сі бакалавриатты, 202-сі магистратураны, 16-сы PhD білім бағдарламасын аяқтап отыр.
Өнер • 13 Шілде, 2023
«Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де» деген сөз қай кезде де жадымызда сақталатыны анық. Қазақтың сартап дала, жусанды қыры қай ғасырда да «дипломсыз» таланттарға толы болған. Тәңір тарту еткен талантымен елінің қошеметіне бөленген қайталанбас құбылыстардың бірі һәм бірегейі Кенен Әзірбаев екені даусыз. Боз даланың бозторғайы, шамамен 9-10 жасында алғаш рет «Бозторғай» әнін дүниеге әкелсе, кейіннен әйгілі «Көкшолақты» шығарды.
Ғылым • 12 Шілде, 2023
Жамбылдық жас ғалым Дәулет Егембердиевті жергілікті жұрт «Жер дәрігері» деп атайды. Оның өзі ойлап тапқан «Biomeliorant» тыңайтқышының жаһанда баламасы жоқ екеніне сенімі мол. Тоз-тозы шыққан егістік алқаптары мен сор тартқан жерді химиялық жолмен емес, биологиялық жолмен қалпына келтірудің маңызы зор екенін ғалым ұдайы айтып жүр.
Аймақтар • 03 Шілде, 2023
Әулиеатада туризмді дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, Тараз қаласындағы «Зербұлақ» көлінің маңы адам танымастай өзгерді. Бір кездері жұрт «Бұл «Зербұлақ» емес, «Зәрбұлақ» болып бара жатыр» деп шамданған көл маңынан Орталық Азиядағы ең ірі аквапарктің бірі ашылды.
Аймақтар • 02 Шілде, 2023
Жамбыл облысы аграрлық өңір болғандықтан, шаруа қожалық басшылары науқан кезінде жемшөп жинау жұмысына мықтап кіріседі. Өткен жылы Жер-анадан рекордтық көрсеткіште мал азығын жинап алған шаруашылық жетекшілері қыстың жайлы болғанының арқасында әжептеуір жемшөп қоры қалыптасқанын айтып отыр.
Спорт • 21 Маусым, 2023
Бір жылдары ұлттық құрама сапында жасындай жарқыраған жамбылдық футболшы Ұлан Қонысбаев 2016 жылы Қытай құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алып, біраз уақыт сүйікті ісінен қол үзіп қалған болатын.
Мәселе • 21 Маусым, 2023
Шаруаның күні қырғыз көршіге қарап тұр
Әулиеатада жаз келсе, су мәселесі шаруаның шымбайына батады. Отыз жыл бойы осы жағдай. Салған егінінің бітік шығуына мүдделі халық шілде түспей жатып жанайқайын жеткізеді. Неге екенін кім білсін, атқарушы билік жыл сайын дәл осы проблеманы шешу жолында қыруар жұмыс атқарып жатқанын алға тартқанымен, өңірде су мәселесі оң шешімін таппай тұр.