Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
844 материал табылды

Оқиға • 02 Ақпан, 2021

Сайлау нәтижесіне баға берілді

Нұрсұлтан Назарбаев қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) алаңында өткен Мәжіліс сайлауының қорытындысы мен Қазақстанның партиялық алаңының даму бағдарын талқылауға арналған онлайн-конференция өтті.

Әлем • 02 Ақпан, 2021

Еуропада вакциналау кешіктірілмек

AstraZeneca Еуроодаққа 9 миллион вакцина жіберетін болды. Бұған дейін компания өнімі үлкен сынға ұшырап, вакцинаны ектіру мәселесі үлкен сұраққа ілінген болатын. Дүйсенбіде Еуроодақ пен Англия үкіметі келісімге келді.

Әлем • 02 Ақпан, 2021

Мьянмадағы төңкеріс

Мьянмада тө­тенше жағдай жа­рияланды. Ел әскері билікті бір жылға өз қолына алатынын хабарлады. БАҚ ақпараты­на сүйенсек, кеше таңертең мемлекет басшысы Вин Мин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталған.

Әлем • 02 Ақпан, 2021

Ғасырдан астам тарихы бар

Еліміздің жаңа ғасырға қадам басқан бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің 30 мыңыншы нөмірі жарық­ көрді. «Газет – халық­тың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, халқымызға қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан «Егеменнің» әлемдегі «құрдастары» да аз емес.

Таным • 01 Ақпан, 2021

«Бес мың деген беласар»

1938 жыл. 24 желтоқсан. Осы күні газетіміздің бес мыңыншы саны жарық көрді. Ол кезде Sotsialistjk Qazaqьstan атауымен шығып тұрған газет толығымен латын қарпінде беттелетін. Бұрыштамасында «Қазақстанның коммунист (большевиктер) партиясының Орталық Комитетінің, Қазақ ССР ұлы Советінің жаңа ҚК(б)П Алма-ата облыстық комитетінің газеті» деп көрсетілген. Бұл тұста басылымның редакторы Сақтаған Бәйішев болатын.

Әлем • 28 Қаңтар, 2021

Демократия денсаулықтан да қымбат (Гонконгтегі белсенділер пандемияға қарамастан, наразылық танытуда)

Гонконгта халық наразылығы пандемия кезінде де жалғасты. Әкімшілік эпидемиоло­гиялық ережелерді бұзғандарға айыппұл салуды қолға алды. Елде қысымға ұшыраған белсенділер АҚШ-ты паналады.

Әлем • 25 Қаңтар, 2021

АҚШ тарихындағы саясаткер әйелдер

АҚШ-тың жаңа сайланған пре­зиденті Джо Байден халық алдында адал қызмет етуге ант беріп, қызметіне кірісті. Бұл АҚШ Президенті әкімшілігіндегі бір­қатар лауазымды тұлға да ауыс­тырылды деген сөз. Соның ішін­де вице-президент лауазымына Камала Харрис келді. Ба­сылымдар вице-президент қыз­метіне АҚШ тарихында алғаш рет әйелдің тағайындалғанын жа­зу­да. Осы орайда аталған қыз­метке бақ сынасқан әйел саясаткерлерге шолу жасауды жөн көрдік.

Саясат • 22 Қаңтар, 2021

«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады

Кеше Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейнебайланысқа шықты. Жиын екі үкімет арасындағы меморандумға қол қою мақсатында орайластырылды.

Әлем • 21 Қаңтар, 2021

Үндістан вакцинасына сенім жоқ

Үндістанның Bha­rat Biotech компаниясы иммундық жүйесі әлсіз, аллергиясы бар, қан ауруымен ауыратын азаматтарға коронавируске қарсы дайындап жатқан вакцинасын салдырудан бас тартқаны дұрыс деген мәлімдеме жасады.

Әлем • 21 Қаңтар, 2021

Джек Ма қайтып оралды

Alibaba компаниясы құрушы Джек Ма Қытай үкіметі тарапынан жасалған қысымнан кейін халық алдына қайта оралды. Ол соңғы рет 24 қазанда Шанхайда өткен форумда үкіметті инновация мен қаржылық шектеу жасағаны үшін айыптаған еді.