Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
788 материал табылды

Парламент • 14 Сәуір, 2021

Заң жобаларының таныстырылымы өтті

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныс­тырылымын бейнеконференция форматында өткізді.

Әлем • 07 Сәуір, 2021

Еуропа Пасханы үйде тойлады

Өткен аптада елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының ең үлкен статистикасы тіркелді. Сәуір басында пандемия басталғалы болмаған ең үлкен көрсеткіш 2000-нан астам науқас дертке шалдыққаны мәлім болды. Ал әлемде жаппай вакциналау басталса да, үшінші толқын көрсеткіштері жақсы емес. Сәуірдің басында Еуропада Пасха тойланады. Былтыр Рождествоны тойлай алмағандар, биыл да қасиетті мерекелердің бірін үйде қарсы алды.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2021

Алаш атын аспанға шығарады олар...

Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі қандай? Қай қырымызбен асып, қай қырымыздан кемшін түсіп жатырмыз? Жалпы, қазақ жастарының портреті қандай болуға тиіс? Дәстүрге айналған «Азаматтық алаң» отырысында отандық сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары өзектілігін жоғалтпайтын жоғарыдағы сұрақтар аясында ой қозғады.

Әлем • 29 Наурыз, 2021

Жаннұр – Қытайдың үздік шетелдік студенті

Жақында Қытайдың бірқатар агенттігі «Жылдың үздік шетелдік студенті» анықталғаны туралы хабар таратты. Анықтай келе биылдың үздік студенті ретінде сол жақта білім алып жүрген қазақстандықтың таңдалғаны мәлім болды. Оған қоса, Жаннұр Ниязбекова – университет президентінің арнайы стипендиясының иегері. Топ жарып, көш бастаған отандасымызды іздеп, әңгімеге тарттық. Ол шетелдегі студенттік өмірі мен аталған жүлдеге қалай ие болғанын айтып берді.

Әлем • 29 Наурыз, 2021

Билл Гейтстің пандемияға қатысты болжамы

Microsoft компания­сы­ның негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылдың соңына дейін жалғасады деген болжамымен бөлісті.

Әлем • 29 Наурыз, 2021

Хуситтер шабуыл жасады

Хуситтер Сауд Арабиясын­дағы мұ­най объектілері мен әскери аумақ­тарға шабуыл жасауда. Сауд Арабиясы үкіметі Йемен хуситтеріне жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Әлем • 25 Наурыз, 2021

Коронавирус: Үшінші толқын басталды

Еуропаның бірқатар елі коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Инфекция жұқтырған науқастар саны күн санап артуда. Оған қоса, жақында Еурокомиссия төрағасының орынбасары коронавируске қарсы вакцинаға тапсырыс берерде қате кеткенін мәлімдеді. Дегенмен Франс Тиммерманс қорытынды жасауға асығар емес. 

Қоғам • 19 Наурыз, 2021

Біз жанбасақ лапылдап...

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына қарағанда, 2020 жылы елімізден 29 110 азамат шетелге қоныс аударған көрінеді. Олардың 24 155-і қала тұрғыны, ал 4 955-і ауыл азаматы екен. Осындайда шетелде білімін жетілдіріп, сол жақта қалып қою мүмкіндігі бола тұра елге оралып, Отанына пайдасын тигізіп жүрген жастарға разы боласың.

Парламент • 18 Наурыз, 2021

Квазимемлекеттік сектордағы сатып алу жетілдіріледі

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин­нің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында жер мәселесіне қатысты заң жобасы жұмысқа алынып, сатып алу бойынша заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды, сондай-ақ адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелеріне қатысты заң жобасына Сенат енгізген түзетулер қаралды.

Әлем • 15 Наурыз, 2021

Германия жанармайдан бас тартпақ

Гер­мания үкі­­­ме­ті 2035 жыл­­ға қарай жа­нар­­­май­мен жүре­тін кө­лік­тер­ден бас тартпақ. ГФР Көлік министрі аталған көлік түріне тыйым салынып, син­те­ти­калық отынға көшу қажеттігін мә­лім­деді.