
Әлем • 29 Тамыз, 2022
Соломон аралдарының шекарасы жабық
АҚШ кемесі Соломон аралдарының аумағына кіре алмады. Әдетте Америка кемелері аралға аялдап, жанармай құйып, техникалық жағдайын тексеріп алатын. Осы жолы бұлай істеуге мүмкіндігі болмады. Ал Соломон билігі АҚШ-тың ресми сұранысына жауап бермеді. Аралдың көздегені не? Шекараны шектеуде қандай мақсат жатыр?
Әлем • 26 Тамыз, 2022
Стратегиялық қатынастарды нығайтуға арналған құжаттарға қол қойды
Келіссөздердің қорытындысы бойынша И.Әлиев пен Қ.Тоқаев екі ел арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға және ынтымақтастықты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарламасына қол қойды.
Әлем • 26 Тамыз, 2022
«Екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларға жетуі мүмкін»
Әзербайжан мен Қазақстан үкіметтері жақын арада өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін арттыруы керек, деп есептейді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әлем • 26 Тамыз, 2022
«Біз тек стратегиялық әріптестер емес, одақтастармыз»
Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы құжаттарға қол қою рәсімінен кейін баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
Әлем • 26 Тамыз, 2022
Кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық әріптестігінің негізгі мәселелерін талқылап, саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға назар аударды.
Әлем • 26 Тамыз, 2022
Қазақстан Президентінің Әзербайжанға сапары
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға алғашқы ресми сапарын жасады.
Әлем • 24 Тамыз, 2022
Бірлескен оқу-жаттығу нені көздейді?
Корей түбегінде Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының бірлескен әскери жаттығулары өтіп жатыр. Шыңдалған әскери күштер Солтүстік Кореяға қарсы соғысқа жұмылдырылады.
Әлем • 23 Тамыз, 2022
Бүгін Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталғанына тура жарты жыл болды. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде Ресей билігі НАТО-ның бұл қақтығысты тоқтатуға қауқарсыз екенін көрсетіп бағуда. Ал ресейліктердің бұл әрекетінің қалай аяқталатыны Батыстың саяси ерік-жігеріне байланысты. Ресейдің Украинаға басып кіргеніне алты ай уақыт өтсе де Батыста Владимир Путиннің ұстанған саясатына қатысты түрлі пікір мен келіспеушілік әлі бар.
Саясат • 22 Тамыз, 2022
Стратегиялық әріптестік әлеуеті артып келеді
Президент Қ.Тоқаевтың Әзербайжанға сапары қарсаңында елордада Қазақстан-Әзербайжан сарапшылар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Екі ел сарапшылары арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, сауда және көлік коммуникацияларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ сараптамалық-талдамалық ынтымақтастықтың рөлін кеңейтуді талқылады.
Әлем • 21 Тамыз, 2022
Ұлыбритания, АҚШ және Канадаға қоныс аударушылардың қатары қалыңдамаса, азайған жоқ. Мұны соңғы жылдары осы елдерге көшіп кеткен қазақстандықтардың санынан да аңғаруға болады. Алайда сарапшылар аталған елдердегі қымбатшылық реттелмесе, мигранттар мен туристердің қатары азаюы мүмкін деп болжап отыр. Өйткені бұл елдердегі инфляция деңгейі айтарлықтай өскен.