Қоғам • 28 Маусым, 2019
Кей салада заң бұзушылықтар азаймай отыр
1 шілдеден бастап пойыз билеттерін заңсыз сату, жолаушыларды темір жол көлігіне орналастыруда заманауи бақылау әдістерін қамтитын, жауапты мамандардың қызметтік бабын пайдалануын шектейтін бағдарлама енгізу туралы шешім қабылданды.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Халқымызда «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады» деген қанатты сөз бар. Мұны Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасының жарылуына байланысты әлеуметтік желілерде алыпқашпа әңгімелерді қарша боратып, сапырып жатқан адамдарға байланыстырып айтуға болады. Себебі отандастарымызды бір үйдің балаларындай жұмылдырған төтенше оқиға салдарына құлақ тігіп, алаңдап отырған ағайынды «сұмдық» ақпараттармен үрейлендірушілерді «етектен тартатын бөрі» демеске лажың жоқтай.
Үкімет • 27 Маусым, 2019
Ресей аумағына өту тәртібі жеңілдейді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?
Қазақстан Қарулы Күштерінің Арыс қаласының жанында орналасқан қару-жарақ қоймаларының бірінде сақтаулы тұрған оқ-дәрілер жарылып, соңы алапат өртке ұласқандығы белгілі. Оқиға орнына арнайы барып, зұлматтан бас сауғалаған арыстықтарға басу айтып, жарылыстан бүлінген орындарды аралап шыққан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ оқиғаға кінәлілердің заң бойынша жазаланатынын мәлімдеді.
Қазақстан • 27 Маусым, 2019
«Егеменнің» еңбегі еленген күн
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына Қазақстан Президентінің Алғысы жарияланды.
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Қаржы секторында жаңа агенттік құрылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Руханият • 21 Маусым, 2019
Әке салған сара жолдан айнымай...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы Жолдауында Қазақстан полициясының беделін арттыру мақсатында тың мәселелерді көтерген болатын. Стратегиялық құжатта алға қойған мақсаттар айқындалып, атқарылуы тиіс бірқатар міндет жүктелді. Басты мақсат – озық, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасымыз: «Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік», деп нықтап айтты.
Қазақстан • 20 Маусым, 2019
Айбынды жастар – ертеңгі ел қорғаны
Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында Жастар жылының аясында бесінші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Парламент депутаттары, Қарағанды облысы әкімдігінің басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері мен шақырылған өзге де қонақтар қатысты.
Қоғам • 19 Маусым, 2019
Бұл – адамдықтың қайталанбас үлгісі
Күнделікті өмірдегі оқыс оқиғалар орны толмас өкініштерге соқтырып жатады. Жол апатынан зардап шеккендерге, қызыл жалынның ортасында, тасыған судың иірімінде, қираған теректің астында қалғандарға, сол сияқты көптеген жағдайларда шұғыл қызметтің арнаулы мамандарының көмектері талай жанның өмірін ажалдан арашалап қалуда.
Қоғам • 18 Маусым, 2019
Адалдық – асыл қасиет немесе әділ шешім сержанттың бағын қалай ашты?
Полиция сержанты Елдос Жұманбетовпен 2008 жылы Батыс аймақтық көліктегі ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында таныстым. Полковник Қайрат Тыныбеков жетекшілік ететін құрылым кеңесінің құрамында ішкі істер саласының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және журналистер бар еді.