Серік ӘБДІБЕК
Серік ӘБДІБЕК«Egemen Qazaqstan»
65 материал табылды

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Жеткіншек опат болды

Кеше елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жоғарғы қабатында орналасқан бассейнде 9 жасар қыз бала суға батып қаза болды.

Қоғам • 03 Маусым, 2019

Қойбақовтар әулеті – жеңімпаз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ел көлемінде биыл алтыншы рет өткен «Ме­рейлі отбасы» конкурсының Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жыл­­ғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарияланды. «Қазме­диа холл» киноконцерт залында салтанатты іс-шараға барлық қатысушылар жиналып, топтан озғандарға құрмет көрсетілді.

Президент • 03 Маусым, 2019

Жусан уақытында гүлдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі дерек­т­ерге қарағанда, бұл жолы құтқарылған балалардың саны – 171. Сөйтіп Ел­ба­сы­­ның тапсырмасы бойынша жүргізілген «Жусан» гуманитарлық опера­ция­­сы­­ның үш кезеңінде Қазақстанға бас-аяғы 357 бала қайтарылып отыр.

Саясат • 03 Маусым, 2019

Қазақстан мен Еуропаның байланысы берік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге сапармен келген Еуропалық кеңес төр­ағасы Дональд Тускпен келіс­сөз жүргізді. Ақорда резиденция­сында Еуро­палық кеңес басшы­сы­на барынша салтанатты құр­мет көрсетілді. Бұл сапар жуыр­да Еуропаның саяси бағдарын, ұйымның әрі қарайғы тағдырын анықтайтын сайлаудың өтуімен және біздің еліміздегі президенттік сайлаумен тұспа-тұс келуімен де маңызды болып отыр.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2019

Тарихи сананың жаңғыруы

Елордадағы Ұлттық мұражайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық X форумы басталды.

Сайлау • 28 Мамыр, 2019

Аманат арқалаған байқаушылар белсенді жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан қаласында «Аманат» сайлауға байқау жүргізу бойынша азаматтық платформасының бір жылдық қызметінің кезеңаралық қорытындысы таныс­тырылды.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2019

Атқа мінген генерал

Әлеуметтік желіде кең тарал­ған видеода Атырау облыстық Полиция департаментінің бас­тығы Аян Дүйсембаевтың бір топ адамның алдында күрең тө­бел атқа секіріп мінген сә­ті жұртшылық арасында қы­зу талқыланып жатыр. Бұл мә­се­ле Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа же­тіп, Президент Твиттердегі парақ­шасында аталған жайтқа қатысты Ішкі істер министрлігінің басшысына арнайы тапсырма бергендігін хабарлады.

Қазақстан • 17 Мамыр, 2019

Адам құқықтары бойынша есеп тыңдалды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің елдегі адам құқық­­тарының ахуалы туралы жыл сайынғы есебі­нің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік орган­­­­дардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйым­дардың, академиялық орта­ның және Қазақстанда тіркел­ген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Қазақстан • 15 Мамыр, 2019

Сарапшылар бас қосты

Елордада Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі мен «Валдай» халық­ара­лық пікірталас клубы ұйымдастырған үшінші Қазақстан-Ресей сарапшылар форумы басталды. Оған Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин, «Валдай» халықаралық пікірталас клубының бағдар­ламалық директоры Андрей Сушенцов және өңірдегі басқа да жетекші саяси сарапшылар қатысуда.

Саясат • 14 Мамыр, 2019

Қылмысқа қатыстылығы тексерілуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың санкциясы арқылы 7-9 мамыр күндері Сириядағы соғыс аймақтарынан 231 отандасымыздың елге әкелінгенін бұған дейін хабарлаған едік. Осы мәселеге байланысты Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев құтқарылған отандастарымыздың арасындағы лаңкестікке қатысы барлары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.