Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
692 материал табылды

Білім • 03 Қараша, 2021

Магистратура мен докторантураға түсуге екінші мүмкіндік

Жаздыгүні жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудан түрлі себеппен қалыс қалған талапкерлерге жаңа мүмкіндік туып тұр. Биыл алғаш рет магистратура мен докторантураға бір жылда екінші рет құжат тапсыруға болады. Кешенді тестілеуге құжат қабылдау 1 қарашада басталды.

Бизнес • 29 Қазан, 2021

Кәсіпкерлерге инвестор табуға мүмкіндік береді

«Болашақ» қауымдастығы жұмысын жаңа бастаған кә­сіп­керлерді қолдамақ. Қолдауға ие болу үшін кез келген Қазақстан азаматы қауымдастық жариялаған рес­пуб­ли­ка­лық бизнес-жобалар байқауының бесінші мау­сы­мына қа­тысып, жұмысын ұсынуы керек. Бұл туралы Орталық ком­му­никациялар қызметі алаңында айтылды.

Тарих • 27 Қазан, 2021

IX-XI ғасырлардағы Қимақ қорымдары табылды

Отандық ғалымдар IX-XI ғасырлардағы қорымды тапты. Құнды қорым Павлодар облысы Байдала ауылының маңынан жүргізілген археоло­гиялық жұмыстар барысында табылған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Білім • 25 Қазан, 2021

Оқу дәстүрлі форматта жалғасады

Биыл барлық білім беру ұйымында оқыту негізінен дәстүрлі форматта бас­талды. Санитарлық талаптар сақталып, штаттық режімдегі оқыту бұдан былай да жалғасады. Дегенмен арасында ата-анасының өтінішімен аралас форматта білім алып жүрген оқушылар да бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Білім • 25 Қазан, 2021

Білімдіні қолдау – болашақты ойлау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында халықаралық білім бәйгелерінен жүлде алған озат оқушыларға бір реттік ақшалай сыйақы беруді, гранттар тағайындауды тапсырған еді. Мәселе қалай шешімін таппақ? Ақшалай сыйақының көлемі қанша? Грант қандай оқу орнынан беріледі?

Білім • 22 Қазан, 2021

«Цифрлы сауаттылық» пәні оқытылады

Алдағы жаңа 2022 жылдың қаңтар айынан бас­тап бірінші сынып оқушыларына жаңа пән оқытылады. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, бұл балалардың цифрлы сауатын ашу мақсатында оқу бағдарламасына енгізілген.

Білім • 22 Қазан, 2021

Ел ертеңі – сапалы білімде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын таныстырды.

Қазақстан • 21 Қазан, 2021

Студенттердің өнертабыстары халықаралық деңгейде танылды

Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Бұл туралы Білім және ғылым ми­нистр­лігі хабарлады. Құрылғы оқушылар мен студенттерді ға­рыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған. Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген Al-Farabi -2 наноспутнигін іске қосқан болатын.

Білім • 19 Қазан, 2021

Ел ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім мен ғылым саласы әрдайым қоғамның алдында жүруі керек екенін айтты. Барлық салаға маман даярлайтын білім беру жүйесі өзгеден көш ілгері болуы үшін әрдайым болашақты алдын ала болжап, алда қандай маманның тапшы немесе сұраныста болатынын бағамдай білуі тиіс. Жақында Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарында 300-ден аса жаңа білім беру бағдарламасы енгізілгенін хабарлады. Демек осыншама жаңа мамандыққа жол ашылды деген сөз. Бұл қандай мамандықтар? Шынында да елдің ертеңіне керек кадрлар даярлана ма?

Қазақстан • 13 Қазан, 2021

Әлем мойындаған қазақ ғалымдары

Ел егемендігінің 30 жылдығында отандық ғылымның әлеуеті артты. Мұның бір дәлелі – елімізден шық­қан ғалымдарды халықаралық бе­дел­ді ұйымдар мен шетелдік мық­­ты мамандардың мойындауы. Біз өзіміз біле бермейтін, бірақ әлем зерттеушілері еңбегін жоға­ры бағалаған ғалымдарымыз же­тер­­лік. Осы орайда тәуелсіздік та­быс­тарының бірі ретінде өз са­ла­сында әлемдік деңгейде та­нылған бір­қатар ғылым өкілі туралы, олар­дың ғылыми жолы мен еңбек­тері жайлы жазуды жөн көрдік.