Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Білім • 24 Мамыр, 2021

Жаңа белес: Еуразия ұлттық университетіне – 25 жыл

Ел егемендігін алған жылдары, тіпті тәуелсіз Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілмей тұрғанда Есілдің бойына үлкен білім ордасының іргетасы қаланды. Бұл – елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Биыл бас қаладағы іргелі ұйымның құрылғанына ширек ғасыр толып отыр. Бүгінде еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналған университет – бейбітшілік байрағы желбіреген мемлекеттің білім-ғылымға бет бұрған бағытының белгісіндей.

Білім • 24 Мамыр, 2021

Мектеп мұңы

Оқу жылы аяқталып келеді. Мұғалімдер мен оқушылар демалысқа дайындалып жатыр. Алайда мектептердің білім беруден бөлек тағы бір маңызды мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Бұл – оқушылардың ауладағы әжетхананы қолданатыны.

Білім • 20 Мамыр, 2021

Олимпиададағы озат оқушылар

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық олимпиадада оза шапқан озат оқушылармен кездесті. Жүздесуге жиналған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ведомство басшысының қолынан марапат алып, медаль тақты. Салтанатты жиынның бейресми бөлімінде дарынды балалар министрге өз ойындағы сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.

Ғылым • 10 Мамыр, 2021

Қазақтың көне карталарын зерттеп жүр

Қазақ ғалымы әлемге әйгілі Гарвард университетінде жұмыс істеп жүр. Ол іргетасы сонау ХVII ғасырда қаланған зерттеу бағытындағы ең беделді жоғары оқу орнына арнайы шақыртумен барған.

Ғылым • 03 Мамыр, 2021

Күнсұлу Закарья: Тірі вакцина әзірлеп жатқан бізден басқа ел жоқ

Қазақстан тынымсыз еңбек еткен ғалымдарымыздың арқасында COVID-19-ға қарсы өз вакцинасын жасап шығарған санаулы елдің қатарына қосылды. Бұл – біздегі ғылымның әлеуеті жоғары екеніне айқын дәлел.

Руханият • 30 Сәуір, 2021

Волонтерлер мүгедек жандардың ауласын тазартты

Қоршаған ортаның тазалығы – тұрғындар мәдениетінің көрсеткіші. Ал бір аумақтағы тұрғындар түгелімен мүмкіндігі шектеулі жандар болса ше?.. Онда оларға сөзсіз көмек керек. Елордалық еріктілер көпке үлгі болып, азаматтық танытып, «ДОС» «Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі аумағын тазартты.

Білім • 29 Сәуір, 2021

«Болашақ» бағдарламасына қатысты өзгерістер

«Болашақ» бағдарламасы­ның үміткерлері 4 мамырдан бастап 28 қазанға дейін құжат тапсыра алады. Аталған стипендияға қатысты тағы бір жаңалық, мамандықтар тізімі жаңартылды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Ғылым • 22 Сәуір, 2021

«Болашақтың» ғалымдары

Ғалымдардың деңгейі зерттеулер нәтижесінде жазған халықаралық ғылыми журналдардағы мақалаларына, сондағы көрсеткішіне қарай бағаланады. Сол көрсеткіштерге көз жүгіртсек, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғалымдардың басым бөлігі – «Болашақ» бағдарламасының түлектері. Аталған бағдарлама жастардың ғылымға келуіне зор мүмкіндік беріп отыр. Бұл – ел егемендігінің алғашқы жылдарында қабылданған тарихи шешімнің жемісі.

Білім • 21 Сәуір, 2021

Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді

Докторантураға түсу емтихандары биыл алғаш рет электронды форматта өтеді. Үміткерлер докторантурада оқуға дайындығын тексеру үшін тест, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша емтихан тапсырып, компьютерде эссе жазатын болады. Бұл туралы ведомствоның аппараттық кеңесінде Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.

Коронавирус • 14 Сәуір, 2021

QAZVAC – отандық ғалымдардың ерен еңбегі

Дүниені дүрліктірген пандемия жайлағалы ғылымның жаңа дәуірі басталғандай. Және бүкіл адамзат ғалымдардың вирусқа қатысты жаңалығына, еңбегіне, зерттеулерінің нәтижесіне иек артып отыр. Қауіпті инфекцияның таралуын тоқтатуға ғылымның ғана қауқары жетеді. Соның ішінде биология ғылымның ең үлкен жетістігі – вакцина. Бұл ретте отандық ғалымдардың еңбегі ерен. Себебі әлемнің ешбір елінде жалғыз институт COVID-19-ға қарсы 5 бірдей вакцина түрін әзірлеп жатқан жоқ.