Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
616 материал табылды

Білім • 28 Наурыз, 2020

Мектептегі компьютерлер оған мұқтаж мұғалімдер мен оқушыларға беріледі

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Қашықтан оқытуға көшуде техниканың жетіспеушілігі үлкен проблема тудырып отырғаны белгілі. Өйткені тұрмысы төмен және көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларда жекеменшік смартфонның өзі жоқ. Бұған қоса мұғалімдер арасында да техника тапшылығы бар.

Білім • 27 Наурыз, 2020

Министр қашықтан оқытудың қалай жүргізілетінін айтты

Біз осыған дейін оқушылардың соңғы тоқсанды қашықтан оқитынын хабарлағанбыз. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа форматтың қалай жүзеге асырлатынын айтты. 

Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Зерттеуші-ғалымдардың өнімділігін арттыруға арналған 9 кеңес

Осы пайдалы кеңестерді ұсынған Жас ғалымдар альянсы карантин кезеңін зерттеуші-ғалымдардың нағыз диссертация мен ғылыми мақала жазуға арнайтын уақыты деп санайды. Ал ауқымды жұмысты бастар алдында төмендегі кеңестерді қолдансаңыз, өнімділігіңізді арттыра түседі. 

Білім • 27 Наурыз, 2020

Одрэ Азуле мектептер жабылса да білім беруді тоқтатпауға шақырды

Әлемде 1,5 млрд оқушы үйден оқиды. Бұл туралы БҰҰ жанындағы білім, ғылым және мәдениет жұмыстарымен айналысатын ЮНЕСКО ұйымы хабарлады. Бүкіл әлемді шулатқан коронавирустың кесірінен 167 ел өзінің мектеп оқушыларын қашықтан білім алуға көшірді. Бұл ЮНЕСКО-ның есебінше қазір  1,5 млрд баланы құрап отыр. 

Қоғам • 26 Наурыз, 2020

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға құжаттар қабылданады

2020 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдау басталды. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия хабарлады. 

Білім • 26 Наурыз, 2020

Мектеп директорлары жазаланды

Мектеп директорларының тәртіптік жазаға тартылуына пандемия кезеңінде мұғалімдерді жұмысқа шығуға міндеттегеуі себеп болған. Көктемгі демалыс уақытында педагогтердің қашықтан қызмет ететіні және еңбек ақысының толық сақталатыны туралы бұған дейін сөз еткенбіз.

Білім • 25 Наурыз, 2020

Оқушылар IV тоқсанды қашықтан оқиды

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады. Министрдің орынбасары коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайтынын жеткізді. 

Білім • 25 Наурыз, 2020

А.Аймағамбетов ата-аналарға хат жолдады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі барлық ата-анаға хат жолдады. Ол өз сөзін оқушылардың көктемгі каникулы 16 наурызда басталғанын және қазір ата-аналардың басым бөлігі үйде болғандықтан балаларға 21 күнге созылатын демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесе алатынын еске салудан бастаған.

Таным • 25 Наурыз, 2020

Оффлайн білім беретін платформалар

Осыған дейін сіздерге интернеттегі пайдалы дереккөздерді, ашық университеттер мен тегін курстарды ұсындық. Бірақ оның барлығына интернет-тариф керек, яғни мұның барлығын онлайн режімде оқуға болады. Сол ақпаратттарды оқыған кезде өзіңізде интернеттің жоқ екені есіңізге түсті ме? Оның да шешімі бар. Бұл – үйдегі оффлайн білім. 

Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Індеттен туған міндет

Бүкіл дүниені дүрліктірген қауіпті індет барлық саланы сарсаңға салды. Соның ішінде білім беру саласы да жұмыстың жаңа форматына көшіп, жаңа кедергілермен күресуді бастады. Бәріміз білетіндей, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланып барша студенттер қашықтан оқуға көшті. Ахуал қалай, проблема қандай, шешім қайсы? Сараптап көрелік.