Taza.kz
Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3575 материал табылды

Спорт • 26 Мамыр, 2022

Екі белбеу сарапқа салынады

11 маусымда Алматыда аралас жек­пе-жектен Naiza Fighting Championship турнирі өтеді. Бұл жарыста аталған ұйымның екі бірдей алтын белбеуі сарапқа салынады.

Спорт • 26 Мамыр, 2022

Өрендер шықты сайысқа

Семей қаласында даңқты балуан, Мәскеу Олимпиадасы мен КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, Еуропа біріншілігі мен Әлем кубогының күміс жүлдегері, Одақтың екі дүркін чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Спорт • 25 Мамыр, 2022

Мұрат Сиқымбаев: «Қазақ стилінің» жарқын жеңістері әлі алда

АҚШ-тың Лас-Вегас қала­сындағы өткен кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дэнни Диг­нумды екінші раундта ұрып жығып, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» әлем чемпионы атанғаннан кейін қазақтың қайсар ұлын бала кезінен баптаған жеке бапкері, еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Сиқымбаевқа хабарласып, төл шәкіртінің жарқын жеңісімен құттықтаған едік.

Спорт • 25 Мамыр, 2022

Есмигүл есе жібермеді

Дзюдодан Испанияның Малага қала­сында жастар арасында Еуропа кубогы сарапқа салынды. Бұл жарысты Қазақ­стан құрамасы үш жүлдемен қоры­тын­дылады.

Спорт • 25 Мамыр, 2022

Жәнібек – төртінші сатыда

Әйгілі vRINGe.com интернет-журна­лының жаңартылған рейтингінде қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға табан тіреді.

Спорт • 25 Мамыр, 2022

Алан үздік шықты

Польшаның Владиславово қаласында өткен WTT Youth Contender турни­рінде қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев табысты өнер көрсетті.

Спорт • 24 Мамыр, 2022

Карапастың қарқыны күшті

«Джиро д’Италия» көпкүндігінің 15 кезеңі Ривароло мен Конь өңірлері ара­­­лығында өтті. Таулы аймақта өткен 178 ша­қырымдық қашықтықта Джу­лио Чикконеге тең келер ешкім табыл­мады.

Спорт • 24 Мамыр, 2022

«Каспий» көш бастады

Жексенбіде футболдан Қазақстан чемпионатының 12 туры аясында өткен тағы үш кездесуді тамашаладық. Бұл бәсекелердің барлығы да алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Спорт • 24 Мамыр, 2022

Төртінші орында қалып қойды

Иранның бас шаһары – Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды. Өкі­нішке қарай, бұл жарыста «Тараз» же­ңіс тұғырына көтеріле алмады.

Спорт • 24 Мамыр, 2022

«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»

«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!», «Ан мықты ма? Кан мықты ма?», «Гол кірмесе кірмесін, тек Дюгарри аман болса екен», «Бір голдың болатыны сөзсіз бүгін, дәл қай минутта екенін айта алмаймын», «Барысша атылып, кенеше жабысты», «Түйенің қос өркешіндей жарасып келе жатқан Фло мен Каннаваро», «Қырық жыл қорғаныста ойнаппыз. Мүмкін шабуылдау керек пе еді?», «Былай қарасаң, екі қол, екі аяқ біздің де футболшыларда бар, иә?», «Аюдың апанындай қақпа тұрғанда, алақандай ғана маңдайшаға тигені несі депті ауылдағы бір апамыз», «Ойбай-ау, Мұхтархан ұйықтап жүріп осылай бокстасса, оянып кетсе, онда не болады?»...

Яндекс.Метрика