Футбол • 28 Қыркүйек, 2021
Премьер-лига ойындарының 22-туры өтті
Футболдан Қазақстан чемпионатының 22 тур ойындары өз мәресіне жетті. Бұл кезеңдегі бәсекелер де әдеттегідей өте шиеленісті өтті.
Хоккей • 28 Қыркүйек, 2021
«Барыс» «Автомобилистен» айласын асырды
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» қатарынан екінші кездесуде жеңіске жетті.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2021
Үстел теннисінен Азия чемпионаты басталады
Ертең Катардың астанасы – Дохада үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 27 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда WTA 250 Astana Open турнирі басталды
Нұр-Сұлтанда ерлер арасында өткен теннисшілердің аса ірі халықаралық турнирі аяқталған бетте әйелдердің WTA 250 Astana Open деп аталатын дүбірлі додасы басталды. Жүлде қоры 235 000 АҚШ долларын құраған жарыста әлемнің бірқатар мемлекеттерінен келген танымал ойыншылар өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2021
Аргентина мен Бразилия жартылай финалға шықты
Футзалдан Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан алғашқы екі команда белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2021
Қаршығадан басқаларынан қайыр болмады
Өткен аптада аралас жекпе-жектен Ресейде өткен екі бірдей аса ірі халықаралық турнирді тамашаладық. Мәскеудегі аса беделді АСА додасында Асылжан Бақытжанұлы, Нұрсұлтан Қасымханов және Қаршыға Дәуітбек секілді спортшыларымыз өнер көрсетсе, Сочидегі AMC Fight Nights жарысында Қуат Хамитов пен Нұрбек Қабдрахманов сайысқа түсті.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда өткен жүлде қоры 480 000 АҚШ долларын құраған ATP Tour сериясындағы Astana Open турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыстың бас жүлдесі үшін аустралиялық Джеймс Дакворт пен кореялық Квон Сон Ву таласты. Ақтық сайыс тым кеш аяқталғандықтан, оның нәтижесі жайында газетіміздің келесі санында баяндайтын боламыз.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2021
Ресей астанасы - Мәскеуде бокстан әскерилер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен қорытындылады. Тарқатып айтсақ, Біржан Жақыпов жаттықтырған команда 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді олжалады. Осындай зор табысының арқасында жерлестеріміз жалпы есепте үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2021
Токио Олимпиадасының аяқталғанына біраз уақыт өтсе де, Қазақстанның грек-рим күресі шеберлерінің сол жарыстағы сүреңсіз көрсеткіші жайындағы әңгімелер әлі де саябырси қойған жоқ. Әрине, жанкүйерлерді түсінуге болады. Олардың жанайқайы орынды. Қанша дегенмен спорттың бұл түрінде елімізде жеңіспен өрілген керемет дәстүр бар. Өз өрендеріміздің арасынан талай чемпиондар шықты. Алайда Олимпия ойындарындағы көрсеткішіміз уақыт озған сайын нашарлап барады.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2021
Қазақстан құрамасы Таиландтың тас-талқанын шығарды
Футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Таиландтың тас-талқынан шығарып, ширек финалға шықты.