Спорт • 03 Маусым, 2021
Елена Рыбакина үшінші кезеңге шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан жүлде қоры 34 367 216 евроны құрайтын «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 03 Маусым, 2021
Парижде екі жерлесіміз ғана қалды
Теннистен Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде бес жерлесіміз өнер көрсеткенімен, солардың үшеуі алғашқы айналымнан аса алмады.
Бокс • 03 Маусым, 2021
Шарипова әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы Фируза Шарипова Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
Футбол • 03 Маусым, 2021
Чемпиондар лигасының шартты құрамасы
УЕФА Чемпиондар лигасының 2020/2021 жылдардағы маусымының шартты құрамасына төменде есімдері аталған 23 футболшы енді:
Спорт • 02 Маусым, 2021
Балуандар Будапештте бақ сынайды
6-13 маусым күндері Мажарстанның бас шаһары – Будапештте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 14 салмақ дәрежесі бойынша өтетін бәсекелер барысында келесі айда Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысатын балуандардың соңғы легі анықталады. Сол себепті де барлық мемлекеттің марқасқалары алдағы байрақты бәсекеде барын салып, рейтингтегі жағдайларын жақсарту үшін еш аянып қалмайтыны анық.
Спорт • 02 Маусым, 2021
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында волейболдан ардагерлер арасында өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің «Алматы» клубы да бақ сынады.
Футбол • 02 Маусым, 2021
Еуропа футбол одағының (УЕФА) мұрындық болуымен биылғы маусымда өтетін Конференция лигасында өнер көрсететін командалардың қандай мөлшерде сыйақы алатыны жария етілді.
Теннис • 02 Маусым, 2021
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының қос өкілі де Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.
Спорт • 02 Маусым, 2021
Талантты толағайлар Ташкентте топ жарды
Әр кез санға емес, сапаға жүгінетін Қазақстанның ауыр атлеттері бұл жолы да өз жанкүйерлерін қуантты. Күні кеше ғана Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне небәрі жеті спортшымыз ғана қатысып, солардың алтауы елге олжалы оралды. Анықтап айтсақ, аталған жарыста жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды иеленді.
Спорт • 02 Маусым, 2021
Талантты толағайлар Ташкентте топ жарды
Әр кез санға емес, сапаға жүгінетін Қазақстанның ауыр атлеттері бұл жолы да өз жанкүйерлерін қуантты. Күні кеше ғана Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне небәрі жеті спортшымыз ғана қатысып, солардың алтауы елге олжалы оралды. Анықтап айтсақ, аталған жарыста жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды иеленді.