Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3356 материал табылды

Спорт • 13 Мамыр, 2020

Жеңіл атлетика: Биылғы маусымның кестесі жарияланды

Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы 2020 жылы өтетін жарыстардың кестесін жария етті.

Спорт • 13 Мамыр, 2020

UFC рейтингі жаңартылды

Өткен аптаның соңында ережесіз жекпе-жектен АҚШ-тың Флорида штатының Джексонвилл қаласында ұйымдастырылған турнирден кейін UFC рейтингі қайта жаңартылды.

Бокс • 13 Мамыр, 2020

Отандық бокстың оғыланы

Ел спортында Болат Жұмаділовке екі бірдей тарихи көрсеткіш тиесілі. Біріншісі, ол – қазақ боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Бұл атаққа қандасымыз 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында қол жеткізді. Екіншісі – Жұмаділов екі Олимпиаданың финалында күш сынасқан Қазақстандағы тұңғыш және әзірге жалғыз былғары қолғап шебері. Ол Атланта мен Сиднейдегі жарыстың ақтық сынында өнер көрсетті. Болаттың бұдан да басқа толып жатқан жетістігі барын жанкүйерлер жақсы біледі.

Спорт • 12 Мамыр, 2020

Аралас жекпе-жек: Кім қанша табыс тапты?

Пандемияға қарамастан өткен аптаның соңында АҚШ-тың Флорида штатының Джэксонвилл қаласында ережесіз жекпе-жектен UFC турнирі ұйымдастырылғаны белгілі.

Әлем • 12 Мамыр, 2020

Қытайдың футбол клубы банкротқа ұшырады

Коронавирустың кесірінен көптеген спорттық ұйымдар мен ұжымдардың бұл күндері қаржылық дағдарысты бастарынан кешіріп отырғаны белгілі.

Спорт • 12 Мамыр, 2020

Шахматшылардың онлайн-турниріне Жансая Әбдімәлік қатысады

Әлемге әйгілі шахматшылардың қатысуымен 15-17 мамыр аралығында ФИДЕ-нің онлайн-турнирі өтеді. Бұл жарыс әйгілі Вильгельм Стейницті еске түсіруге арналады. 

Спорт • 11 Мамыр, 2020

ЖХЛ-дың ең үздік қақпашысы «Сарыарқадан» кетті

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) ең үздік қақпашысы Эдуард Рейзвих Қарағандының «Сарыарқасымен» қош айтысып, Новокузнецкінің «Металлургіне» ауысты.

Спорт • 11 Мамыр, 2020

Гарет Бэйл «Реалдан» кетуі мүмкін

Футболдан Уэльс ұлттық құрамасының жұлдызы Гарет Бэйл биыл Мадридтің «Реалынан» кетуі мүмкін. 

Спорт • 11 Мамыр, 2020

Үздік ондықта

Коронавирустың салдарынан бұл күндері барлық спорттық шаралардың тоқтатылғаны белгілі. Солардың қатарында дзюдо да бар. Ең бастысы, күрестің бұл түрі бойынша балуандардың осыған дейін жиған ұпайлары толықтай сақталып қалады. Енді пандемияға байланысты осы үзілісті пайдалана отырып, әлемдік рейтингке тағы бір көз жүгірту артық етпейді деп ойлаймыз. Сол арқылы қай мемлекет өкілдерінің қарқыны күшті немесе кімдердің тегеуріні баяу екенін анық байқауға болады.

Спорт • 11 Мамыр, 2020

Әлемдік додадағы алғашқы жүлде

Осыдан дәл 42 жыл бұрын, яғни 1978 жылдың 6-20 мамыр күндері Югославияның астанасы – Белградта бокстан ІІ әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Бірден айта кетейік, бұл жарыстың біздер үшін жөні бөлек. Себебі, дәп сол Балқан тауы бөктерінде Қазақстанның былғары қолғап шеберлері әлемдік додадағы өздерінің алғашқы жүлдесіне қол жеткізген еді. Атап айтсақ, 67 кило салмақта жұдырықтасқан алматылық Валерий Рачков алдына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Міне, жуан жұдырықты жігіттер жиналған жаһандық жарыста жерлестеріміздің жеңісті жолы осылай басталған еді.