Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3463 материал табылды

Спорт • 18 Тамыз, 2020

Түркия боксын өрге сүйреген қазақ

Бокстан Еуропа чемпионаты сонау 1925 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Айтулы жарыстардың дені Түркия құрама командасының қатысуымен өтті. 1991 жылға дейінгі аралықта бұл мемлекеттің өрендері екі күміс пен алты қола медальды иеленді. Бір өкініштісі, 29 мәрте жалауы желбіреген жарыста бас жүлденің бірде-біреуі түріктерге бұйырмаған екен. Тек 1993 жылы Бурсада ұйымдастырылған қарт құрлықтың басты додасында Анадолы елінің әнұраны алғаш рет шырқалды. Сол жарыста бас жүлде жеңіп алған қазақтың ұлы Нұрхан Сүлейменоғлы еді. Ал біз Түркия боксын өрге сүйреген қандасымыз жайлы не білеміз?

Спорт • 17 Тамыз, 2020

Рим Олимпиадасына – 60 жыл!

Осыдан дәл 60 жыл бұрын, яғни 1960 жылдың 25 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында Италияның бас шаһары – Римде XVII жазғы Олимпия ойындары дүркіреп тұрып өтті. 81 мемлекеттен келген 5348 үміткер жарыс жолына шығып, спорттың 17 түрі бойынша 150 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жалпы командалық есепте 103 (43 алтын+29 күміс+31 қола) жүлде алған КСРО құрамасы жеке-дара көш бастаcа, екінші және үшінші орындарды АҚШ (34+21+16) пен Италия (13+10+13) иеленді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Германия (12+19+11) мен Аустралия (8+8+6) енді.

Спорт • 13 Тамыз, 2020

Биыл Мадрид марафоны өтпейді

Әуелде Мадрид марафонының шымылдығы 26 сәуірде түріледі деп жоспарланған еді. Коронавируске байланысты ол 15 қарашаға шегерілген еді. Алайда күні кеше ғана айтулы жарыстың биылғы жылы өтпейтін болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Тамыз, 2020

Жерлестеріміз Мәскеуде айқасады

Қыркүйек айында аралас жекпе-жектен Мәскеуде үш бірдей аса ірі халықаралық жарыстың жалауы желбірейді. Солардың барлығында  Қазақстанның спортшылары өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Тамыз, 2020

Даңқты баскетболшы 61 жасқа толады

Әлемдік баскетболдың жарқын жұлдызы, Олимпиада чемпионы, өзінің спорттық карьерасында талай рекордық көрсеткішке қол жеткізген Ирвин "Мэджик" Джонсон 14 тамызда 61 жасқа толады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 12 Тамыз, 2020

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

Коронавириустің салдарынан бірнеше айға созылған үзілістен кейін теннисшілердің турнирі қайта жалғасын тауып, әлемдік рейтинг жаңартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 12 Тамыз, 2020

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

23 тамызда Алматыда Асқар Салықбаев жетекшілік ететін МТК Глобал Қазақстан менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 12 Тамыз, 2020

Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

Футболдан Еуропа лигасының ширек финалдық сайыстары аяқталып, бас жүлде үшін тартысты жалғастырып жатқан үздік төрт команда анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 11 Тамыз, 2020

Олимпия ойындарына ең көп қатысқан спортшылар

Біраз уақыттан бері көптеген шетелдік басылымдар Өзбекстанның өкілі Оксана Чусовитинаның Токио Олимпидасына қатысатыны жайында жарыса жазуда. Әрине БАҚ өкілдерінің осы оқиғаға ерекше қызығушылық танытып отырғанына біз еш таңданбаймыз. Өйткені Жапониядағы жарыс айтулы гимнасшы үшін сегізінші Олимпия ойындары болмақ. Әлемдік спорт тарихында ондай жайттар тым сирек кездеседі. Оның үстіне, келесі жылы Оксана Александровна 46 жасқа толады. Ал спорттық гимнастика сайыстарында өнер көрсетіп жүргендердің дені 20 жастың шамасындағы өрендер. Яғни Токиода оған өзінің баласынан да жасы кіші гимнасшылармен шеберлік байқасуына тура келеді.

Спорт • 10 Тамыз, 2020

Ташкент трагедиясы

Осыдан дәл 41 жыл бұрын, яғни  1979 жылдың 11 тамызында әуеде қос бірдей "Ту-134А" ұшақтары соқтығысып, борттағы 174 жолдаушының барлығы да қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.