Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 14 Желтоқсан, 2022

Қоржында – қос қола

Қазақстанның паратаэквондошылары Сауд Арабиясының бас шаһары – Эр-Риядта өткен Гран-при турнирінің финалдық кезеңін қос қола медальмен қорытындылады.

Спорт • 13 Желтоқсан, 2022

Қайсардың қарқыны жақсы

Әйгілі ESPN арнасы аралас жекпе-жек өнерін серік еткен 25 жасқа дейінгі спортшылардың арасынан үздіктерді анықтап, солардың рейтингін жария­лады.

Спорт • 13 Желтоқсан, 2022

Бұйырғаны – күміс медаль

Шорт-тректен Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде Әлем кубогінің кезеңдік сайысы өтті. Қазақстан құрама командасы бұған дейін сәтсіз өнер көрсетіп келген еді.

Қысқы спорт • 12 Желтоқсан, 2022

Морозова күміс алды

Канаданың Калгари қаласында коньки спор­тынан өтіп жатқан Әлем кубогінің ке­зеңдік сайысында қазақстандық На­деж­да Морозова өз жанкүйерлерін қуант­ты.

Хоккей • 12 Желтоқсан, 2022

Әлем чемпионаты басталды

Кеше Норвегияның Аскер қаласында шайбалы хоккейден жастар ара­сын­дағы әлем біріншілігінің жалауы желбіреді. Бұл жарыста жерлестеріміз мынадай құрамда өнер көрсетеді:

Спорт • 12 Желтоқсан, 2022

Медаль сыңғыры естілді

Колумбияның астанасы – Боготода ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Спорт • 12 Желтоқсан, 2022

Алан – әлем чемпионы!

Тунисте жас­өс­­пірімдер ара­сын­­дағы әлем бі­рін­шілігі аяқ­тал­ды. Бұл жарыс­та 15 жастағы қа­зақ­стан­дық спорт­шы Алан Құр­ма­н­ғалиев та бақ сынады. Мы­­сырлық Хана Го­дамен бір­ге ол аралас жұп сайысында бас жүлдені олжалады.

Футбол • 12 Желтоқсан, 2022

Америка, Африка, Еуропа: төрт мықты түгенделді

Өткен аптаның аяғында Қатардағы әлем чемпионатының сегіз мықты командасы өзара сайысқа түсті. Бірден айта кетейік, өте шиеленісті әрі тартысты өткен ширек финалдық сайыстардың әрқайсысы да миллиондаған жанкүйердің көңілінен шықты. Жұмадан сенбіге қараған түні Эр-Райянда Хорватия мен Бразилия күш сынасты. Көп кешікпей Лусаилда Нидерланд пен Аргентина айқасты. Алдымен осы ойындарға жеке-жеке тоқтала кетейік.

Спорт • 28 Қараша, 2022

Месси Марадонамен теңесті

Франция мен Дания құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталғаны белгілі. 61 және 86-минут­тарда Килиан Мбаппе нысананы дәл көздеді. Осы дубльдің арқасында ол өзінің отандасы, даңқты Зинеддин Зиданды қуып жетті. Екеуі де ұлттық құрама сапында 31 голдан соқты. Осылайша, ол Жюст Фонтен мен Жан-Пьер Папеннен озып кетті. ХХ ғасырдың аты теңдессіз теңбіл доп шеберлері қарсыластар қақпасын 30 ретттен дәл көздеген еді.

Спорт • 28 Қараша, 2022

Аустралияда асығымыз алшысынан түсе ме?

«Egemen Qazaqstan» газетінде бұған дейін де 28 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней, Брисбен және Перт қалаларында теннистен United Cup аралас командалық турнирі өтетіні жайында жазылған еді. Әлемнің ең үздік 18 команданың қатысуымен өтетін бұл жарыс жайында біз не білеміз?