Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Спорт • 01 Ақпан, 2023

Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды

Таяуда шахматсүйер қауым екі бірдей аса ірі халықаралық турнирді тамашалады. Оның бірі – Мәскеудегі Vegas City Hall кешенінде өтті. «Шахмат жұлдыздары» деп аталатын жарыста әлемге әйгілі 10 гроссмейстер бақ сынады. Солардың қатарында біздің Бибісара Асаубаева да болды.

Спорт • 01 Ақпан, 2023

Cәтсіздіктен де сабақ алған жөн – Арман Әшімов

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш елді мекенінің тұрғыны Арман Әші­мовтің есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол ауылды жерде жаттығып-ақ, кикбокстан әлем кубогінің иегері және Еуропа чемпионы атанды. Жекпе-жек, ММА және джиу-джитсудан ел біріншілігінде топ жарып, спорт шебері нормативін орындады. Бокстан спорт шеберлігіне үміткер. Кейінгі 10 жылда аралас жекпе-жекпен шұғылданып, көптеген дүбірлі додада дараланып жүр. Арман өмірде өте позитивті. Айқас алаңында да дәл солай. Жеңсе де, жеңілсе де көңілді жүреді. Күні кеше ғана сол спортшымен сұхбаттасудың сәті түсті.

Спорт • 29 Қаңтар, 2023

Бап кем бе, бақ кем бе?

Бокстан Бангкокта өткен жастар арасындағы (U-22) Азия чемпионаты аяқталды. Бұған дейін біз Қазақстанның қыздар құрамасы 2 алтын мен 7 қолаға қол жеткізгені жайында хабарлаған едік. Әрине, бұл көрсеткішке көңіліміз толды деп айта алмаймыз. Содан кейін біз ерлердің жолына үлкен үмітпен қарадық. Қыздардың жарысы аяқталған соң келесі күні қазақтың алты жуан жұдырықты жігіті рингке жұлқынып шықты.

Спорт • 29 Қаңтар, 2023

Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты

Жүлде қоры 51 384 291 АҚШ долларын құраған Австралияның ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Жасыл құрлықтағы жарыстың жекелей сайысында үш жерлесіміз бақ сынп, солардың арасынан Елена Рыбакина ғана табысты өнер көрсетті. Финалға дейін алқынбай жеткен ол шешуші тұста беларусьтық Арина Соболенкоға 6:4, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Негізі 118 жылдық тарихы бар дәстүрлі турнирде бұған дейін Қазақстанның бірде-бір теннисшісі мықтылар санатына қосыла алмаған еді. Сол септі де «Елена Австралия орасан зор табысқа қол жеткізді» деп айтуға толық негіз бар.

Спорт • 25 Қаңтар, 2023

GGG кіммен жұдырықтасуы мүмкін?

Былтырғы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен ұтылғаннан кейін Қазақстанның атақты кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин шаршы алаңға шыққан жоқ. Сол аралықта бірнеше гүрзі жұдырықты жігіттер оны жекпе-жекке шақырды. Өйткені, «Канелодан» жеңілгенімен, орта салмақтағы WBA men IBF секілді белді нұсқалардың чемпионық белбеуі әлі дежерлесімізге тиесілі. Солардың бірі Крис Юбенк еді.

Шахмат • 25 Қаңтар, 2023

«Жұлдыздар» Мәскеуде бас қосты

Мәскеудегі Vegas City Hall кешенінде «Шахмат жұлдыздары» деп алатын халықаралық турнирдің өтіп жатқаны жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Күні кеше ғана осы жарыстың жүлде қоры 15 миллионов Ресей рублін құрайтыны белгілі болды. Аталған додада әлемге әйгілі 10 шахматшы өнер көрсетуде. Солардың арасында Бибісара Асаубаева да бар. Енді біз өз оқырмандарымызды сол гроссмейстерлердің әрқайсысымен жеке-жеке таныстыруды жөн көрдік.

Хоккей • 25 Қаңтар, 2023

Болгарияны бетке алды

26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Софияда шайбалы хоккейден қыз­дар арасындағы (U-18) екінші диви­зионның В тобындағы әлем біріншілігі өтеді.

Теннис • 25 Қаңтар, 2023

Жарысты жеңіспен бастады

Қазіргі кезде барша жұрттың назары Мельбурнде өтіп жатқан Аус­тра­лияның ашық біріншілігіне ауғанда, әлем­нің басқа да қиырында теннистен халықаралық турнирлердің жалауы желбіреді.

Қысқы спорт • 25 Қаңтар, 2023

Парабиатлонның қос медалі

Бұл күндері Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиат­лоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында 18 мемлекеттен келген 102 спортшы бақ сынауда.

Бокс • 24 Қаңтар, 2023

Алты жігітіміз алтын үшін айқасады

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы (U-22) Азия чемпионаты мәреге жақындады. Дүйсенбі күні біз ерлер арасындағы жартылай финалдық сайыстарды тамашаладық. Сол кеште шаршы алаңға шыққан 11 жерлесіміздің бесеуі осы межеде сүрініп, қола медальді қанағат тұтты. Ал жеңіске жеткен алты жігітіміз ертең чемпиондық атақ үшін таласады.