Спорт • 01 Қыркүйек, 2020
Қазақстандық боксшы Хабибтің інісімен айқасады
Аралас жекпе-жектен 25 қазанда өтетін UFC турнирінде қазақстандық Сергей Морозов Ресей спортшысы Омар Нұрмагомедовпен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2020
Алексей Луценко он сатыға жоғарылады
Велошабандоздар арасындағы ең ірі жарыс – "Тур де Франс" көпкүндігінің үшінші кезеңі аустралиялық Калеб Юэннің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2020
АҚШ-тағы жарысты жерлестеріміз сәтті бастады
Нью-Йоркте шымылдығы түрілген АҚШ-тың ашық біріншілігінде бүгін кортқа шыққан Қазақстанның төрт теннисшісінің үшеуі екінші кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2020
Осыдан дәл 45 жыл бұрын, яғни 1975 жылдың 11-14 қыркүйегі күндері сол кездері Кеңес Одағының құрамында болған Беларусьтың бас шаһары – Минскіде күрес түрлерінен әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Айтулы жарыс жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Себебі классикалық күрестен өткен додада Қазақстанның үш бірдей өрені өнер көрсетіп, барлығы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Осылайша отандық күрес мектебінің түлектері КСРО-ның басты додасында бұрын-соңды болмаған орасан зор нәтижеге қол жеткізді.
Спорт • 31 Тамыз, 2020
Луценко жетінші орынды иеленді
Бұл күндері Қазақстанда іргетеасы қаланған "Астана" клубы велошабандоздар арасындағы ең белді жарыс – "Тур де Франс" көпкүндігінде бақ сынауда, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Тамыз, 2020
Бүгін Нью-Йоркте теннисшілердің "Үлкен дулыға" санатына жататын жарыстардың бірі – АҚШ-тың ашық біріншілігі басталды. Бұл жолы осы турнирдің жүлде қоры 53 400 000 долларды құрап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Тамыз, 2020
Өзбекстанның тәуелсіздік алғанына 29 жыл толуына орай ауыр атлетикадан айтулы мемлекеттің бас шаһары – Ташкентте халықаралық онлайн турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыр атлетика • 31 Тамыз, 2020
Осыдан дәл 35 жыл бұрын, яғни 1985 жылдың 25 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Швецияның Седертелье қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Төрткүл дүниенің 38 мемлекетінен келген 200-ге тарта тау көтерген толағайлар сегіз күн бойы сайысқа түсіп, 10 салмақ дәрежесінің түрлі-түсті жүлделерін сарапқа салды.
Спорт • 31 Тамыз, 2020
1976 жылдың жазы. Канаданың Монреаль қаласында ХХІ жазғы Олимпия ойындары дүркіреп тұрып өтіп жатты. 92 мемлекеттен келген алты мыңнан аса саңлақтар мен сайыпқырандар спорттың 21 түрі бойынша сайыс түсіп, жарыс көрігін қыздырып жатты. Сан миллион жанкүйер рекордтық көрсеткіштердің бірінен кейін бірі жаңарып жатқанын көріп, басқа да көптеген керемет көріністің куәсі болды. Дәл сол тұста суға секіруден КСРО құрама командасының мүшесі Сергей Немцановтың жоғалып кеткені жайында жайсыз хабар жер-жаһанды шарлап кетті.
Спорт • 28 Тамыз, 2020
Әйгілі АСА (Absolute Championship Akhmat) промоушенінің ұйымдастыруымен 19 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Дүбірлі додада Қазақстанның төрт бірдей өрені өнер көрсетеді. Олар – Асылжан Бақытжанұлы, Артем Резников, Нұрберген Шәріпов және Георгий Кичигин.