Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2023
Отбасы құндылығы – ұлттық тәрбиеде
«Отан – отбасынан басталады». Қоғамның тірегі де – отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, бала тәрбиесінде отбасының рөлі үлкен. Жас ұрпақ тәрбиесінде мектепте көп нәрсе береді. Бірақ бәрібір орны бөлек. Сондықтан мемлекеттік саясат отбасы құндылығын дәріптеуге бағытталған. Қазақстанның ең үлкен байлығы – адам капиталы. Әрбір азамат – жеке тұлға. Осы тұрғыдан қарасақ, мұндай қасиетке адам отбасылық тәрбие арқылы да ие болады. Биыл Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрия, креативті ойлай білетін адамдардың бастамаларын қолдау туралы айтты.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023
Студенттер игілігіне – заманауи жатақхана
Еліміздің үшінші мегаполисінде жылдан-жылға студент жастардың саны артып келеді. Осыған байланысты жатақхана тапшылығын шешу өзекті мәселелердің біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында аталған мәселеге айрықша тоқталып өткен еді. «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекет-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек» деген болатын Президент.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2023
Білім күні қарсаңында Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2023
30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай Шымкенттегі «Түркістан» сарайында салтанатты кеш өтті. Мерекелік жиын еліміздің Әнұранымен басталып, Ту көтеру рәсімімен жалғасты. Сап түзеген сарбаздар жауынгерлік тәртіппен көк байрағымызды сахна төріне алып шықты. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов салтанатты басқосуға жиналған барша мегаполис тұрғындарын еліміздің айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.
Театр • 31 Тамыз, 2023
Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы – Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл! Көрермен көзайымы болған театрда отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы сахналанған. Қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым бар.
Білім • 29 Тамыз, 2023
Шымкенттегі білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесіне Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов қатысты. Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда цифрлық технологиялар бойынша тәрбиеленушілер, яғни шығармашылық үйірме қатысушыларының жұмыстары қойылып, қонақтарға таныстырылды. Сонымен қатар әртүрлі цифрлық білім беру платформалары келушілер назарына ұсынылды.
Мәдениет • 29 Тамыз, 2023
Шымкенттегі Тәжікстанның мәдени күндері
Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толуына орай Шымкентте көрме өтті. Көрмеге тәжік бауырлар ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын қойды. Атшаптырым жерді алатын көрме ішіне осының бәрі сыйса, далада бақша дақылдарынан тізілген пирамида көздің жауын алды. Сонымен бірге Қажымұқан стадионында тәжік шаруалар өндірген тауарлар көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Өнер • 24 Тамыз, 2023
Шымкенттің цирк өнері майталмандары жуырда XIV халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінен алтын жүлдемен оралды. Астанада 11 мемлекет өнерпаздары арасында өткен осы халықаралық жарыста әуе гимнасшылары Закиржон Сайдуллаев пен Елизаветта Штыб Carpe Diem, яғни «Сәтті қағып ал» атты нөмірмен бас жүлде жеңіп алды.
Денсаулық • 21 Тамыз, 2023
Шымкенттегі ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ инфекциясын жұқтырмаудың тыс әдісін 2021 жылдан бері қолданып келеді. Бұл аурудың алдын алу үшін қажет. Тың әдіс деп отырғанымыз АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұруы. Бүгінге дейін шаһардағы ЖИТС орталығында 100-ден аса адам аталған терапиядан өткен. Жалпы, жанасуға дейінгі профилактика көптеген емдеу мекемесінде жүргізіледі.
Форум • 21 Тамыз, 2023
Шымкентте жастар мәселесін қозғаған «Уақыт сынағы және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» атты екі күндік азаматтық форум өтті.