Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 22 Шілде, 2019

Жамбыл ескерткіші жаңғырды

Соңғы кездері Әулиеата өңірінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне байланысты түрлі дау-дамайлар көбейіп кеткен болатын. Әрине, сан алуан пікірлерді қамтыған дау әйгілі ақын ескерткішін көшіруге байланысты туындаған еді. Нақты айтсақ, былтыр бұрынғы көк базардың алдында тұрған Жамбыл ескерткіші алынып, ескерткіштің жаңа нұсқасы облыстық әкімдіктің алдына орналастырылды.

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Тараз қаласында тандыр наннан шеге шығып, жер­гілікті тұрғындардың жағасын ұстатты.

Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Жамбыл облысында заңсыз еңбек мигранттары ұсталды

Бүгінде ел арасында адам еңбегін заңсыз пайдалану белең алып тұр. Әсіресе шет елден келген азаматтарды арзан бағамен жұмысқа жегу үйреншікті әдетке айналған. Мұндай жұмыстар көбінесе өзбектердің оң жамбасына келеді. Алайда талап пен тәртіпті де ұмытпаған жөн. Осы орайда бүгінде заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ, заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және оның жолын кесу мақсатында Жамбыл облысының аумағында «Нелегал-Жаз» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Бес күннің ішінде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

Осы айда Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара барысында 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде төртеуі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау бойынша, біреуі Қылмыстық Кодекстің 300-бабымен құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру бойынша және Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 1,2,3-бөліктері бойынша алты қылмыстық теріс қылық деректері тіркелген. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан бес күн ішінде 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы барып, өңір штабының жұмысымен танысты. Әкім Жамбыл өңіріне тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көріп, 11 көшенің тұрғындарымен кездесті. Арыс қаласына сапары барысында Асқар Мырзахметов аталған бөліністегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Арыстық жасөспірімдер Жамбылда демалуда

Мектеп оқушыларының жыл сайынғы жазғы демалысты асыға күтетіні ақиқат. Жадыраған жаз мезгілі келісімен әулиеаталық өрендер осындағы жазғы сауықтыру лагерь­лерінде демалып, маусымды мағыналы өткізетін. Енді биыл олардың қатары Арыс қаласынан келген оқушылармен то­лықты. Арыстық жеткіншектер де Жамбыл өңірінің жайсаң табиғатымен танысып, тұнық ауасымен тыныстауда.

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Жамбыл облысында астық алқабы жанып жатыр

Жаз шыға салысымен Жамбыл өңірінде дала өрті жиі белең ала бастады. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаз мезгілінде бір ғана Т.Рысқұлов ауданының өзінде жалпы аумағы 500 гектарға жуық дала өртке оранған.

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Таразда тегін экскурсиялық автобустар іске қосылды

Жамбыл облыстық туризм басқармасының қолдауымен «Жастар жылына» орай, Тараз қаласында 2 туристік автобус іске қосылды. Экскурсиялық автобустар Тараздағы «Жастар аллеясынан» салтанатты жағдайда жолға шықты.

Қоғам • 12 Шілде, 2019

Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне ерекше көңіл бөлу патриотизмнің аса маңызды белгісі екенін атап өткен болатын.

Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Қазақ ауылын дәріптеген жоба

Осыдан біраз уақыт бұрын Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы ортағасырлық «Төрткүл» керуен сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің қалашығы» атты этножоба қолға алынған болатын.