Аймақтар • 19 Мамыр, 2021
Адам шығынын болдырмау маңызды
Жазғы шомылу маусымында жағажайларда қайғылы оқиғалар жиі болып тұрады. Әсіресе соңғы кезде балалар судың құрбандығына айналуда. Бұған, әрине, балалардың қараусыз қалуы, болмаса балаларымен су айдындарына барған ересектердің ішімдік ішуі сияқты түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Десе де тілсіз жаудан барынша сақтанып, суға шомылу кезінде де қауіпсіздік ережелерін мейлінше естен шығармаған дұрыс.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2021
Қауіпті індеттен қорғанудың барлық жолы қарастырылуда
Бүгінде Жамбыл облысы аумағында коронавирус індетін жұқтырудың 8 723 жағдайы тіркелген. Ал пневмония бойынша 3 491 жағдай анықталған. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде науқастан 7 869 азамат сауығып шыққан. Жалпы, өңірде қауіпті індеттің алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Парықсыз «Париев» көгілдір отынға көктегі бағаны белгілеп отыр
Шу ауданының орталығы Төле би ауылына көгілдір отын кіргізу мәселесі талай жылдан бері өзекті болып келеді. Жергілікті тұрғындар да аталған мәселенің не үшін шешілмей келе жатқанын түсінбей дал болуда. Одан кейін де ауданның бірқатар елді мекені газбен қамтылып үлгерген болса, Төле би ауылындағы мәселенің не үшін, не себепті шешімін таппай келе жатқаны көпшілік үшін әлі түсініксіз. Тұрғындар тарапынан бұл мәселе талай рет көтерілсе де, нәтиже болмай тұр. Қарапайым халық алдағы күнге үмітін үкілеп, сенімін бекітіп күткенімен, одан бері де бес жылдан асып кетіпті. Енді бес жылдың бедерінде нәтиже бермеген шаруадан бүгінде көпшілік секем ала бастағандай.
Экология • 18 Мамыр, 2021
Көктем және жаз мезгілдерінде адамдарға түрлі жәндіктен, мал мен өзге де жануарлардан келетін қауіп арта түседі. Себебі бұл уақытта зиянкес жәндіктердің жер бетіне шығуы көбейеді. Сондай-ақ түрлі жануарлардың бойындағы ешкімге білінбейтін кеселдердің де адамдарға кесірін тигізуі мүмкін. Бұл орайда, адамдардың өзі де барынша сақтанып жүргені дұрыс.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Шу ауданында 1,5 мың жұмыс орны ашылады
Бүгін Жамбыл облысы, Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг беріп, ауданның даму барысы мен жұмыс жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2021
Жамбылдық тұрғындар полицияға қару тапсыруда
Жамбыл облысының тұрғындары полицияға 115 атыс қаруы мен 1 граната тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2021
Қазіргі кезде қараусыз қалған балалардың тағдыры қоғамдағы өзекті мәселеге айналып отыр. Ата-ананың жан жылуын сезінбей, мейірімін көрмей өсіп жатқан балдырған көп. Бірақ қайырымды жандардың көмегімен жетімдіктің тақсіретін білмей өсіп жатқан жеткіншектер де бар.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Жамбылдықтар «асарлатып» жатыр
Жамбыл облысында өңір тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары жалғасуда. Қазақтың ежелгі дәстүріне сай аймақта «Асарлатып үй салу» жобасының басталғанына да жылға жуықтады. Бұл бастама өңірдің барлық ауданы мен ауылында жүзеге асып, көптің көмегімен мұқтаж жандар баспаналы болуда. Енді аталған үрдіс әрі қарай жалғасын тауып, Әулиеата жеріндегі әлеуметтік осал топтарды да тұрғын үймен қамтамасыз ету жобасы қолға алынбақ. Бұл – мемлекет қолдауынан бөлек, ауыл тұрғындарының бір-біріне деген адал көңілі мен алғаусыз пейілінің де көрінісі.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2021
«Сақалды» құрылыс саны көбейген
Құрылыс – қаланың да, ауылдың да ажарын ашып, сәнін келтіретін саланың бірі. Өңірде жыл сайын түрлі нысандардың құрылысы жүргізіледі. Ал мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде, салынып жатқан тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар қаншама?! Рас, оның кейбірі белгіленген уақытында пайдалануға берілсе, енді кейбірі мерзімінен кешігіп жатады. Әрине, құрылыс кезінде де күтпеген жерден түрлі мәселе тууы мүмкін. Бірақ бүгінде қаңқасы ғана қалқайған кейбір құрылыс нысандарының қарапайым тұрғындар үшін негізгі мақсаты да белгісіз. Қазіргі кезде Тараз қаласында болсын, аудан орталықтарында болсын, мерзімі өтіп кеткен «сақалды» құрылыс нысандары көп. Кезінде әжептәуір-ақ басталған нысандардың әлеуметтің қажетіне жарамай, жарты жолда қалып жатуы да көпшілік үшін түсініксіз.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2021
Жамбылдық соғыс ардагерлеріне көмек көрсетілді
Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл болса, Ұлы Жеңіске 76 жыл толып отыр. Қан майданда Отан алдындағы ұлы міндетін қалтқысыз өтеп, борышына адалдық танытқан әрбір азаматтың ерлігі ел есінде.