Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Руханият • 01 Желтоқсан, 2020

Даланы тербеткен сырлы саз

Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов есімі бүкіл қазаққа ортақ. Жамбыл өңірі үшін де ұлы тұлғаның орны ерекше. Сексенінші жылдардың орта шенінде Жамбыл ауданы, бүгінгі Жалпақтөбе (бұрынғы Дунгановка) ауылында тұрған композитор осы жерде әйгілі «Дүнген қызы» әнін жазған. Ақын Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған лирикалық ән бүгінде бүкіл қазақ даласын сырлы сазымен тербетіп тұр.

Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Таразда коронавируспен күресушілерге арналып монумент орнатылды

Коронавирус індетімен күрес кезінде бірінші өзінің емес, өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қосқан азаматтар қандай құрметке болса да лайықты. Олардың ерлікпен тең еңбегі мемлекет тарапынан да бағалануда. Тұңғыш Президент күніне орай, Тараз қаласында коронавирус індетімен күресушілердің құрметіне арналып «Biz birgemiz» монументі бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Тұңғыш Президент күніне орай Таразда тұрғындар баспаналы болды

Бүгінде Тараз қаласында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында жаңадан 15-ықшамауданы бой көтеруде. Жыл сайын тұрғын үй кезегінде тұрған жұртшылық баспаналы болуда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аталған ықшамауданда орналасқан №25 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер кілттерін тапсыру салтанатына арнайы қатысып, баспаналы болған тұрғындарды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 30 Қараша, 2020

Медицина саласына тың серпін береді

Бүгінде коронавирус індетінің алдын алу үшін елімізде тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар қауіпті індетке қарсы отандық вакцина шығару қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Бұл орайда қазір Жамбыл облысында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының жанындағы отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы аталып өтті

Биыл даңқты батыр, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Кескекті ердің сойындай, кесек бітімді күрделі тұлға оқ пен оттың ортасында жүріп те қазақтың қайсар мінезін, ұлттық болмысын көрсетті. Тіршілікте де тағдырдың сан тарау сынағын бастан өткеріп, өмірін өнегемен өрнектеген тұлғаның есімі қалың қазақпен қатар, кейінгі буын үшін де тәртіп пен тәрбиенің қайнар көзі болып есептеледі. Ұлттың ұстыны болған батырдың торқалы тойы Әулиеата топырағында лайықты деңгейде аталып өтті.

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Мал ұрлығы көптің көңілін күпті етуде

Қазіргідей қысқы соғымның уақытында мал ұрлығының өрши түсетіні белгілі. Әсіресе ұрылар байланып, бабында тұрған ірі-қараны ұрлауға бейім. Жамбыл облысында да қазан, қараша айларында мал ұрлығы көбейген.

Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Көрмедегі көркем кітаптар

Биыл даңқты батыр, қаламгер Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен көрнекті тұлғаның есімі әрдайым ел есінде.

Аймақтар • 25 Қараша, 2020

Жамбылда медициналық құрал-жабдықтар алуға 1,6 миллиард бөлінген

Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетімен күрес жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бизнес • 25 Қараша, 2020

Ешкі бағып ерекше кәсіп ашқан

Қазір көзін тапқанға кәсіптің түрі көп. Ежелден мал бағып, оның игілігін көрген қазақ үшін бұл таңсық емес. Бүгінде Т.Рысқұлов ауда­ны Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов етті және сүтті бағыттағы асылтұқымды голландиялық «Заннин», пәкістандық «Биттал» ешкілерін өсірумен айналысады.

Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Даңқты спортшы Зульфия Габидуллина 55 жасқа толды

Ел тарихындағы Паралимпиада ойындарының тұңғыш чемпионы, даңқты спортшы Зульфия Габидуллина 55 жасқа толды. Бүгінде Тараз қаласында тұрып жатқан ол еліміздің даңқын дүние жүзіне танытқан санаулы саңлақтардың бірі. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әйгілі спортшыны мерейтойымен құттықтап, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған хатын табыс етті.