Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1823 материал табылды

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медиа-мектеп ашылады

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ұлттық дельфий комитетінің ұйымдастыруымен елордада өткен «Батыр бол» әлеуметтік жобасының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Кенжегүл Тайғара мәлімдеді.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Ақтау битум зауыты 2019 жылғы өндіріс жоспарын артығымен орындады

2019 жылдың қорытындысы бойынша 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі «CASPI BITUM» БК» ЖШС жол битумын өндіру көлемі 369 073 тоннаны құрады. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 23%-ға артық. Салыстыратын болсақ, 2018 жылы зауыт 308 286 тоннаны өндірген болатын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Ақтауда демеушілер қаржысымен спорт сарайы салынады

Биыл Ақтаудың 17-ші шағын ауданында заманауи үлгідегі спорт сарайы салынады. Бұл туралы «Қоғамдық Коммуникациялар Орталығында» өткен «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында атқарылған шараларды қорытуға арналған брифингте белгілі болды.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда QR-Mangystau мобильді қосымшасы жұмыс істейді

Бұл қосымша аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштері туралы баяндайды және өңірдің 49 көрікті жерлерін біріктіреді. Ол Бекет ата, Шақпақ ата мешіттері, Отпан Тау кешені және басқа да QR кодтары орнатылған жерлер. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық директорының орынбасары Марат Өтесінов мәлім етті.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Маңғыстау «Туған жер» бағдарламасы бойынша республикада алдыңғы орында

Былтыр 12 млрд 600 млн теңгенің жобасын жергілікті меценаттар жүзеге асырған. Бұл туралы «Қоғамдық Коммуникациялар Орталығында» өткен «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында атқарылған шараларды қорытуға арналған брифингте өңірлік жобалық офисінің басшысы Гүлайым Азан мәлім етті. 

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда республикалық дәрежедегі ескерткіштерге экспедициялар ұйымдастырылады

Ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы орай, «Фараби әлемі» атты ғылыми конференция, «Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктері» атты монография, Бату хан негізін қалаған Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай Атырау облысында, Маңғыстау өңірінде жатқан республикалық дәрежедегі «Шопан ата», «Қараман ата» ескерткішінде ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте белгілі болды.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Барлаушылар арасында оқу-жаттығу өтіп жатыр

Барлаушылар Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы 4 полигонда жауынгерлік даярлығын арттырып жатыр. Бұл жайында қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 22 Қаңтар, 2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 21 қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары болып Абдулғафаров Дастан Елемесұлы тағайындалды. Бұл туралы аталған компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Төтенше жағдайдың алдын алу сабақтары өткізілді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және «АМО» ММ қызметкерлері Ақтау қаласының IT-мектеп лицейінде «Өрт дегеніміз не? Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен таныстыру. Көкшетау техникалық институтына оқуға шақыруға балаларды баулу» және «Қалың қар басып қалу кезіндегі іс-әрекет. Трассада жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыптарында интерактивті сабақ өткізді. «Он-лайн» режімінде өткізілген сабаққа 36 мектептен 720 оқушы қамтылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Ақтауда жаңадан таэквондо спорт клубы есігін ашты

Ақтауда салтанатты түрде жаңадан «Taifun» спорт клубының ашылуы өтті. Шараға Маңғыстау облыстық Taekwondo GTF федерациясының президенті, қара белбеу мен 4 дан иегері Сәттіғұл Әбітов, жас жауынгерлердің ата-аналары және спорт жанашырлары қатысты.