Таным • 17 Ақпан, 2020
Инфекциясы табиғаттағы жабайы кеміргіштерде сақталатын өте қауіпті жұқпалы ауру арагідік Маңғыстауда да бой көрсетіп, дүйім елді дүр сілкіндірген кездер болған екен. Бірі – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары бір үйдің тұлымшағы желбіреген жалғыз қыз баласы ауырып, оны тікұшақпен белгісіз жаққа алып кеткені айтылады. Ел аузында айтылатын екінші оқиға – 1964 жылы Бекінің маңында пішеншілер арасында түйенің етін жеп, оба ауруына шалдыққан бір жігіттен тараған инфекция тағы да 3-4 адамның өмірін алып кеткен қайғылы жағдай болса, үшіншісі – 1973 жылы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы кеңшардың орталығы Шайыр ауылынан 10-15 шақырым жердегі Аққорған ауылында орын алған еді.
Қоғам • 14 Ақпан, 2020
Биыл Маңғыстауда қыс жылы болды. Бұл, әрине, шаруа баққандар үшін қолайлы болуы мүмкін, бірақ әр мезгілдің өз мінезіне сай болғаны жақсы-ау! Әйтпесе, шіліңгір шілденің сәні құрт-құмырсқа, бақа-шаян сынды жыбырлаған жәндіктердің қақаған қыс айы саналатын қаңтар-ақпанда да асыр салып жүруі жақсы да, жарасымды да емес.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2020
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде БҰҰ Моделі клубы 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл клубта жоғары сынып оқушылары әлемдегі ең маңызды ұйым саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының симулияциясын жасап, ғаламдық проблемаларды дипломатиялық тұрғыда шешу жолдарын іздейді. Осылай білім ордасының ұжымы зияткерлік мектеп оқушыларына дипломатия, көшбасшылық, көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға күш салып отыр.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2020
Маңғыстауда сапасыз өнімдер анықталды
Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2020 жылдың қаңтар айында облыс аумағындағы 22 сауда объектілерінен өнімнің 266 (тағам және өндірістік тауарлар) түрін іріктеп алып зертханалық сараптамадан өткізілді, оның 17 сынамасы немесе 6,4% техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкес емес.
Медицина • 12 Ақпан, 2020
Ақтауда пәтерін қандаладан тазалаймын деп көршісін ауруханадан бір-ақ шығарды
Ақтау қаласы 4 ш/а 57 үйдің тұрғыны көршісінің кесірінен екі қызымен ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 12 Ақпан, 2020
Қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жүргізілуде
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарға есеп беру барысында баяндады. Сонымен қатар аймақ басшысы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды.
Қоғам • 12 Ақпан, 2020
Маңғыстауда тану функциясы бар 600 камера орнатылады
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймақ тұрғындары алдында есеп беру кезінде мәлім етті. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2020
Маңғыстауда жыл басынан бері 30 жекеменшік балабақша ашылды
2019 жылы білім жүйесін қаржыландыру 78,1 млрд білім беру нысандарын дамыту 3,9 млрд теңгені құрады. Бұл жөнінде аймақ тұрғындарына есеп берген облыс әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2020
Маңғыстауда шаруа қожалықтары малдарына арнайы карта жасақталды
Мемлекет басшысының полиция жұмысын «сервистік» модельге ауыстыру, сондай-ақ құзырлы орган жұмысының «айқындылығын» қамтамасыз ету жөніндегі нақты тапсырмасы көпшілікке мәлім. Бұл бағытта Маңғыстау облысындағы қалалық және аудандық бөлімшелерде 6 фронт-кеңсе ашылды. Мұнда тұрғындар бұрынғыдай уақыт жоғалтпай мәселесін бірден полиция қызметкерлеріне жеткізіп, құқықтық кеңес ала алады.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2020
Шетелдіктер Маңғыстаудағы мәдени шараларға белсене қатысты
2019 жылы облыс бойынша М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония 59 800 көрерменді қамтумен 251 концерт өткізді. Музейлер 68 184 келушіні қамтумен 74 көрме, 81 лекция, 2692 экскурсия ұйымдастырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің халық алдында берген есебінде айтылды.