Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Маңғыстаудың көші-қон қызметі салынған айыппұлдарды толық өндіріп алды
Биылғы жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 5660 шетелдікті уақытша тіркеуге ресми түрде қойды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Полицейлер кәмелетке толмағандардың тәртібін қадағалаусыз қалдырмайды
Ақтау қалалық ПБ-ның ювеналды полиция қызметкерлері облыстық «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бірқатар рейд өткізді. Шара қадағалаусыз және қараусыз өмір салтын жүргізетін кәмелетке толмағандарды, оның ішінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүргендерді анықтау мақсатында жүргізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
«Браконьер»: полицейлер қаскөйлерді құрықтады
Маңғыстау облысы бойынша 14 қылмыс және 81 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Ақтаулық екі оқушы Нью-Йорк университетіне грант жеңіп алды
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сағынбек Талғатұлы мен Айя Сартбаева Абу-Даби қаласындағы New York University (NYUAD) жоғары оқу орнының білім грантына ие болды. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Қоғам өкілдері Маңғыстаудағы экологиялық жағдайды талқылады
Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов жұртшылықпен кездесу өткізіп, экологиялық ахуал туралы сөз қозғады. Өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті және аумақтық департаменттің негізгі басым бағыттары туралы айтып берді. Бұл туралы Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Полицейлер мемлекеттік тіл үйрену курстарында дәріс алуда
Полицейлердің мемлекеттік тілді меңгеруі үшін Маңғыстау облыстық Полиция департаментінде жұмыстар жүйелі жолға қойлыған. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Маңғыстауда жыл басынан бері 145-тен астам мас жүргізуші анықталды
«Бейбіт уақытта жолдарда мас күйінде көлік жүргізген жауапсыз жүргізушілердің кінәсінен адамдар қаза болып жатыр. Бұған ақтау жоқ. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға ауырлығын ескере отырып, лайықты жаза болуы тиіс», деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Халық санағы кезінде 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ
Тікелей халық санағын өткізу кезеңінде 2020 жылы уақытша санақ персоналы ретінде (нұсқаушы-бақылаушылар, интервьюерлер) 32,5 мың адамды жұмысқа тарту және орналастыру жоспарлануда.
Экономика • 19 Ақпан, 2020
2020 жылы санақ бюджеті 1,2 АҚШ долларын құрайды
2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағына дайындық және өткізу үшін Комитетке 8,2 млрд теңге сомасында қаржы қарастырылған. Бұл туралы Маңғыстау облысы «Қоғамдық Коммуникация Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлім етті.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2020
Маңғыстауда былтыр онлайн түрде 3 578 көлік тіркелді
Маңғыстауда өткен жылы электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде 3 578 көлік тіркелді және 4 749 жүргізуші куәлігі берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.