Тағайындау • 19 Желтоқсан, 2019
Медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалына жаңа басшы тағайындалды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы филиалына директор болып Бектубаев Руслан Фаризунұлы қайта тағайындалды.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Б.Сапарбаев Маңғыстау облысына іс-сапармен келді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған жұмыс тобы кеше Маңғыстау облысына жұмыс сапармен келді. Вице-премьер алдымен Жаңаөзен қаласындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда полицейлер марапатталды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінде мерекелік шара өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 жүлдені иеленді
Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКСПО» конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ҮЕҰ арасында байқау өтті
2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ЮНЕСКО сыйақысы табысталды
Қытайдағы Цзинанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО Wenhui Award сыйақысы табысталды. Бұл туралы аталмыш мектептің баспасөз хатшылығы хабарлады.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда «Жыл адамы - 2019» анықталды
Маңғыстау облысында өткен «Жыл адамы - 2019» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019
Университетте жемқорлыққа қарсы семинар өтті
Ш.Есенов атындағы КМТИУ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, университеттің «Бизнес және құқық» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Г.Қ.Ізтұрғанованың ұйымдастыруымен «Заңгер» мамандығы бойынша 2-курс білім алушыларына «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2019
Ақтауда тұрғын үй пайдалануға берілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтау қаласындағы 20 шағын ауданда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы коммуникациялар қызметі хабарлады. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов қатысып, баспанасыз жүрген бір топ азаматқа жаңа пәтер кілттерін табыстады. Аймақ басшысы еліміздегі ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күні аясында үйлі болып жатқан жандарды жаңа қонысымен құттықтады.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады
2019-2025 жылдары 166 трлн теңгеге 40-тан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазір инвесторлармен түрлі деңгейдегі келіссөздер жүріп, келісімдер жасалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметі хабарлады.