Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1888 материал табылды

Медицина • 10 Қаңтар, 2020

Маңғыстаудағы медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығы тексерілді

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Маңғыстау өңіріне іссапары Мұнайлы ауданынан басталды. 250 ауысымға арналған емхана 117 000 халыққа қызмет көрсетеді. 2019 жылы 378 149 адамға қызмет көрсетілген. Бүгінде 1877 адамның сақтандырылған мәртебесі анықталмай отыр. Оның бірден-бір себебі тұрғындардың тіркелген мекенжайда тұрмауы немесе көшіп кетуінен болып отыр. Десе де, бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2020

Кендірліде су тұшыту зауыты салынбақ

«Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары) Жаңаөзен қаласының әкімдігімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Қоғам • 10 Қаңтар, 2020

Жаңаөзендіктердің жанайқайы

Желтоқсан айының соңғы күндері Жаңаөзен қаласының бір топ тұрғыны өздерінің талап-тілектерін жоғарыға жолдап, желілерге жүгініп, дүрлігіс тудырды. Мәселенің мән-жайы баспанаға қатысты екен. Жаңаөзен қаласында апатты деп танылған қос үй – «Шаңырақ» шағын ауданындағы 43-ші және Абай-59-шы үйлердің тұрғындары бір жыл бұрын өз меншіктеріндегі үйлерін әкімдік құзырына аударып, апатты үйлерді босатып шыққан болатын. Бүгінде Жаңаөзен қаласының әр шағын ауданында әкімдік берген үйлерге қоныстанған олар бұл үйлердің жекешеленбейтінін енді біліп, айран-асыр қалып отыр.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда жылдың үздік полицейлері марапатталды

Маңғыстауда Полиция Департаменті басшысы Қ.Таймерденов 2019 жылдың қорытындысы бойынша қызметте жеткен жетістіктері үшін және өз қызмет салаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қызметінде үздік шыққан қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020

Маңғыстаудың Бас полицейі жылдың қорытынды есебін берді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденов жыл қорытындысы бойынша есептік жиын өткізді. Жиынға облыс прокурорының орынбасары Е.Тұрмағанбетов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, ҚАЖД бастығы Ж.Басаров, ТЖД бастығы Қ.Базарбаев, сонымен қатар ПД басқармалары, қала, аудан полиция басқарма, бөлім басшылары қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020

Мәжіліс депутаттары маңғыстаулықтармен кездесіп жатыр

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Тарас Хитуов пен Сәкен Өтебаев Nur Otan партиясы Ақтау қалалық филиал ғимаратында бастауыш партия төрағалары, ақсақалдар кеңесі және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Бұл туралы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2020

Ақтауда теңізден құтқарылған азаматты дәрігерлер аман алып қалды

2020 жылы 1 қаңтар күні Маңғыстау облысының шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясына (103 қызметі) шақырту түскен. Белгілі болғандай, спирттік ішімдік ішкен 30 жастағы қала тұрғыны Каспий теңізіне секірген. Нәтижесінде өзін жәйсіз сезініп, суға батып кете жаздаған.Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда бір тәулікте «жедел жәрдемге» 827 шақырту түскен

2019 жылдың 31 желтоқсанынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қараған түні, яғни тәулік ішінде Маңғыстау облысының  шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясына 827 шақырту түскен. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулықсақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда мемқызметкерлер жаңа жылды қариялармен қарсы алды

Ақтауда №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұжымының, өлкемізге белгілі өнерпаздардың қатысуымен қариялар мен ақ жаулықты аналарға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлаған әдемі кеш ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина • 30 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда «Ана мен бала» орталығында шала туылған балаларға мерекелік іс-шара өткізілді

Шала туылған балаларға күлкі мен қуаныш сыйлаған күн көптің есінде қалары сөзсіз. Ал жүкті әйелдер, сонымен бірге шала туылған балалардың аналары неонатологтар және гинекологтармен кездесіп, өздерінің алғысын жеткізді. Аяз  ата мен ақшақар балаларға тәттілер таратып, өнерлеріне тәнті болды. Кезінде айы-күні жетпей туылып, небір қиындықты артта қалдырған балдырғандар мен ата-аналар шат-шадыман күйге бөленіп, тіпті қуаныштан көзіне жас алғандар болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.