Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Ақтауда нефрологтарға арналған конференция өтті
Конференция Қазақстан Республикасында нефрологиялық қызметті жетілдіру мақсатындағы 2019-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» аясындағы іс-шараларды орындау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл ретте Алматы қаласындағы «Қазақстанның нефрологтары, диализ дәрігерлері мен трансплантологтарф қоғамы» РҚБ жетекшісі, профессор, медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы АҚ бөлім басшысы Салтанат Тұғанбекова арнайы келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Жаңаөзенде 50 орындық дәрігерлік орталық жыл соңында пайдалануға беріледі
Есеп беру жиынында қала басшысы Мақсат Ибағаров денсаулық саласы бойынша да сөз қозғады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Жаңаөзендіктерді Ақтауға көшіру жұмысы жалғасады
Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтарын Ақтау қаласына көшіру мақсатында Республикалық бюджеттен - 2,9 млрд.теңге және «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан – 1,0 млрд теңге бөлініп, 394 отбасы (1500 адам) баспанамен қамтамасыз етілетін болады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
2020 жылы Жаңаөзенде 4725 жұмыс орны құрылады
Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық макрокөрсеткіштерінің оң динамикасы қамтамасыз етілген. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибағаровтың есеп беруінде айтылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда Кәсіпкерлер палатасы басшыларының есебі басталды
Биылдан бастап тұңғыш рет өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен оған қарасты филиал басшылары іскерлер алдында есептік кездесу өткізетін болды. Маңғыстауда бұл келелі шараны МО Кәсіпкерлер палатасы Мұнайлы аудандық филиалының директоры Мәдина Жанжігітова бастады. Алдымен облыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Каскор-Машзавод» АҚ ұжымына атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ашық сұхбат алаңында кәсіпорын қызметкерлері несие алу, бизнесті өркендету, кәсіпкерлікті сүйемелдеу сынды сұрақтарына тұшымды жауап алды деп хабарлайды МО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Атырауда командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті
Жақында құрылған Атырау облысы аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жыттығуы өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Полицейлер мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек берді
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға көмек беруді де естен шығармайды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Медицина • 28 Қаңтар, 2020
SОS медициналық жүйесі – аймақ медицинасына өзгеріс әкеле ме?
«Денсаулық» бағдарламасы аясында жүзеге асырылу үстіндегі SOS медициналық жүйесін Маңғыстауда алғашқы болып облыстық перинаталдық орталығы орнатқан болатын. Жобаның жетекшісі, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы Нұртуған Мұмамедалиев орнатылған соң бір жылдан асқан уақыт ішінде оның қандай пайда әкелгеніне көз жеткізу үшін Ақтау қаласына келді.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2020
Ақтауда «Біз адамдар – біз біргеміз» шарасы өтті
Иманғазы Досмұхамедов жетекшілік ететін «Біз адамдар - біз біргеміз» қоғамдық қоры қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Сенбі күні Ақтау қаласындағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға ыстық тамақ үлестірілді.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2020
Маңғыстауда 121 кәсіпкер 1 % несие алды
Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қолдайтын «Нұр-Капитал» бағдарламасына сұраныс артуда. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - кәсіпкерлерге 1% үстемақымен несие алып бизнес бастауына мүмкіндік береді.