Аймақтар • 13 Қараша, 2019
Еліміздің батыс өңірінен сарбаздар туған жерлеріне оралуда
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздардың жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпы өтті. Салтанатты шара кезінде 900-ге жуық сарбаз әскери бөлімнің саптық алаңымен соңғы рет өтті. Бұл «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рүстем Игисинов айтып берді.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Ақтауда әлеуметтік жоба қатысушыларының аймақтық форумы өтті
Ақтауда «Zhas Project» жобасы аясында аймақтық форум өтті. «Zhas Project» жобасына Маңғыстау облысынан ұсынылған 1264 жобаның 321-і грант ұтып алды. Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов қатысқан форумда жоба авторларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар жарты жыл ішінде атқарған жұмыстарының нәтижесін жария етті.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Жаңаөзенде «Ашық есік күні» өтті
Жаңаөзенде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалында ашық есік күні өтті. Қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлерді толғандырған мәселелердің жауабын беруі үшін мемлекеттік орган қызметкерлері, эпидемиолог мамандар, қаржы институттары, т.б. 15 мекемеден өкілдер келіп отырды. Бір күнде мамандарға 100-ге жуық адам жүгініп, кеңес алды деп хабарлайды Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен Ж.Әбіл.
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері арасында дамыту – маңызды мәселе. Бір қуанарлығы, олардың, яғни өзге ұлт перзенттерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтары жоғары. Тілді меңгерсе, ел мен жерді тану көкжиектері кеңейе түсетіні анық. Тек әдістемелік тұрғыда қолдау көрсетіп, дұрыс дәріс берсе болғаны... Қазақ тілін өзге ұлт өкілдері арасында дамыту – маңызды мәселе. Бір қуанарлығы, олардың, яғни өзге ұлт перзенттерінің мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылықтары жоғары. Тілді меңгерсе, ел мен жерді тану көкжиектері кеңейе түсетіні анық. Тек әдістемелік тұрғыда қолдау көрсетіп, дұрыс дәріс берсе болғаны...
Аймақтар • 11 Қараша, 2019
Ақтауда жемқорлыққа қарсы ерекше квест өтті
Ақтауда Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы және «Азаматтық құқық» жеке меншік ұйымының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта марафон квест өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 11 Қараша, 2019
Маңғыстауда жастар басқосуы өтті
Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Джумурбаев Маңғыстау облысының жастарымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облысы хатшылығы баспасөз қызметінен хабарлады.
Аймақтар • 11 Қараша, 2019
Мәжілісмендер Ақтаудағы әскери бөлімдерге барды
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтау гарнизонының бірқатар әскери нысанын аралады. Шара Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы шеңберінде ұйымдастырылды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.
Аймақтар • 10 Қараша, 2019
Бейнеу ауданының әкімі мемлекеттік бағдарламалар орындалысын баяндады
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан 60,7 млн теңге көлемінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның ішінде 49,4 млн теңгеге 2 жоба субсидияланды (10 жұмыс орны), 11,3 млн теңгеге 2 жоба кепілдендірілді (11 жұмыс орны). Бұл бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларға IT мектеп ашуға 1,0 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.
Қоғам • 09 Қараша, 2019
Yessenov University-де диалог алаңы ұйымдастырылды
Ақтауда Yessenov University-де белгілі қазақстандық және шетелдік спикерлердің қатысуымен «Университет — ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Қараша, 2019
«Шағырлы-Шөміштіде» 651,2 млн текше метр газ өндірілген
Биыл 390,7 мың тонна мұнай мен 910,4 млн текше метр газ өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай 2,5 мың тоннаға (99,3%), газ 77,2 млн текше метрге (92,1%) кеміп отыр.