Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1837 материал табылды

Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Таушық ауылы 80 жылдығын тойлады

Маңғыстауда қазақтың кемеңгер ұлы Әбіш Кекілбаев балалық кезеңін өткізген, тұнық аспанында бұлбұл көмей Роза Бағланова ән шырқаған, ұлы  сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің шабытын шалқытқан Таушық ауылына 80 жыл толды.

Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Маңғыстаулықтар мамандандырылған ХҚО-да алдын ала тестілеуден өте алады

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады. Бұл жайында Халыққа қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Маңғыстауда полицей мен азаматтық қоғам байланысы талқыланды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Eurasian Expert Couneil» қоғамдық қорының президенті Ч.Лепсибаевтың ұсынысымен Мемлекеттік және азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл семинар-тренингі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

ҚХА төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов Ақтауға келді

Ақтаудағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Аббозұлы Пулатов өңірлік этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті. Бұл туралы Ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Экология • 22 Қазан, 2019

Маңғыстауда ірі көлемде бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері 21 қазан 2019 жылы сағат 18:00 шамасында Ақтау қаласы 32 шағын ауданының пәтерлерінің бірінен жалпы салмағы 30,900 келі құрайтын 12 дана бекіре тұқымдас балық тауып, тәркіледі.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Жаңаөзенде дәрігер мамандар жетіспейді

Жаңаөзен қаласы бойынша барлығы 13 медициналық мекемелер қала халқына, Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарына, сонымен қатар Қарақия ауданының Сенек, Қарақұдық, Құланды, Болашақ, Аққұдық тұрғындарына стационарлық медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 6 мемлекеттік медициналық орталық, 7 жекеменшікмедициналық орталық бар, сонымен қатар созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға «Гемодиализ орталығы» тегін көмек көрсетеді.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Ақтауда «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес Ақтауда Nur Otan партиясының ғимаратында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Атырауда қауіпсіздік бойынша оқу-жаттығулар өтті

Атырау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерін диверсияға тойтарыс беру әзірлігіне тексерді. Бұл жайлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Жаңаөзенде пән мұғалімдері жетіспейді

Жаңаөзен қаласы бойынша білім беру жүйесін қаржыландыруға 2019 жылға 12 436,8 млн теңге бөлінген, бұл қала бюджетінің жалпы көлемінің 57,9%-н құрайды. Бұл турал Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді.

Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Маңғыстауда алқа төрағалары брифингке қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Маңғыстау облыстық филиалында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашевтың, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаевтың, облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Айжан Молбаеваның қатысуымен брифинг өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.