Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1849 материал табылды

Спорт • 15 Қазан, 2019

Маңғыстаулық палуан Дәурен Төлегенов самбодан әлем чемпионы атанды

Жастар мен жасөспірімдер арасында Самбодан әлем чемпионаты Ташкент қаласында өтті. Қазан айының 13-де қорытындыланған додада маңғыстаулық самбошы Дәурен Төлегенов әлем чемпионы атанды.

Аймақтар • 15 Қазан, 2019

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

«Кәсіп түбі – нәсіп» деп аталатын жаңа жоба «Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен іске қосылды. Моноқалада кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша арнайы ұсыныстар дайындау мақсатындағы жоба шеңберінде жұмыс тобы құрылды.

Руханият • 15 Қазан, 2019

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Тектілердің талбесігі, құрсағы құтты Маңғыстау даласы даңқы дәуірлеп, есімі елдің есінде сақталған қайраткер ұлының 80 жылдығын атап өтті. Асылын ардақтай білер ағайын арысының арада жоғын өкініш еткенмен, оның еңбегі мен шығармаларын дәріптеуді, өзі жоқ болса да шығар жасын атап өтуді парыз санапты. Жалпы, Маңғыстауда Әбіш тойы басталғалы көп болды және оның қамтылу ауқымы да орасан. Мектеп-колледждердегі түрлі байқаулар, ауыл өнерпаздарының сахналық қойылымдар байқаулары, спорттық жарыстар әрбір аудан, қалаларда, әртүрлі ұйымдарда өткізілді.

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Маңғыстауда «Автобус» іс-шарасы өтуде

10-17 қазан күндері аралығында Маңғыстау облысы аумағында "Автобус" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеуде өзгерістер болады

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және Әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрмамедова Қарашаш Ишбергенқызы мәлімдеді.

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Атырауда әскери міндеттілермен оқу-жиындар өткізілді

Әскери оқыған ресурстардың жауынгерлік және мобилизациялық даярлығын арттыру мақсатында Атырау облысының 70 запастағы офицері «Қарабатан» оқу полигонында жиыннан өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасы баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов хабарлады.

Руханият • 11 Қазан, 2019

Ақтауда Республикалық Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтауда Республикалық Ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Орталық кенестің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған ел ардагерлері абыз жазушының шығармаларын жастарға кеңінен насихаттау туралы сөз қозғады.

Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Жыл басынан бері Маңғыстаудың 3 мыңнан астам тұрғыны мемлекеттік қызмет алды

Ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша жылжымалы Халыққа қызмет көрсету орталықтары алыс шалғай ауылдарға 242 рет сапарға шығып, 3119 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі хабаралды.

Үкімет • 11 Қазан, 2019

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маңғыстау облысына келді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина • 11 Қазан, 2019

Бердібек Сапарбаев Ақтау емханаларын аралады

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақтау қаласындағы емханаларды аралады.