Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1851 материал табылды

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Ақтауда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

«Нұр Отан» партиясының ХІХ кезектен тыс съезінде ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және олардың мүшелері, кәсіпкерлер, «Жаңғыру жолы» аймақтық жастар штабының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқандөңгелек үстел Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтті.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Ақтауда «Сиқырлы таяқша» атты дирижерлар байқауы өтуде

Боздақ Рзаханов – Маңғыстау топырағынан алғаш шыққан кәсіби дирижер және домбырашы. Боздақ Рзахановтың есімін мәңгі есте қалдыру және дирижерлардың кәсіби деңгейін шыңдау, шеберлігін көтеру, аталмыш салада жаңа есімдер ашу мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен домбырашы, дирижер Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» ІІI республикалық дирижерлар байқауы Ақтау қаласындағы Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің қатысуымен өткізілуде.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

«Жақсылық жаса» челленджі: Жаңаөзен жастары жаңа іс бастады

Аталмыш челлендж аясында олар қала көшелеріне өлең жолдары мен нақыл сөздер жазылған халықты ауызбірлікке, татулыққа, ұлттық патриотизмді жоғары ұстауға шақыратын тақтайшалар ілуді бастаған.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Ақтауда сайлау маңызына қатысты жиын өтті

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бүл бас қосуға «Жанғыру жолы» облыстық жастар штабының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жас өкілдері және журналистер қатысты.

Руханият • 24 Сәуір, 2019

Ақтауда зияткерлер «Кітап әлемді бағындырады» акциясын ұйымдастырды

23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күнінде Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы аясында 800-ден астам адам бір-біріне кітап сыйлады. Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Ақтауда 170 стартап жоба таныстырылды

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Caspian Startup-2019» оқушылар мен колледж студенттері арасындағы тұңғыш стартаптар конкурсының іріктеу кезеңі өтті.

Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Ақтауда «Көктем, гитара және мен» концерттік кеші өтті

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Русское землячество» орыс этномәдени бірлестігі ұйымдастырған гитара студиясының концерті өтті.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери аспазшылары мен наубайшылары Қарулы Күштердің үздігі атанды

Халықаралық армиялық ойындарының «Далалық асхана» конкурсының Қазақстан Республикасындағы іріктеу сайысының Алматы қаласында өткен қортындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының аспазшылары мен наубайшылары Ресей Федерациясында өтетін ойындарға жолдама алды.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Маңғыстауда түрлі этнос өкілдері арасында «Көктем аруы» байқауы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» мен «Қазақтану» жобасы аясында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өнірдегі этномәдени бірлестіктерінің арулары арасында «Көктем аруы» байқауын өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері 60 өрт оқиғасы тіркелген

«Өрт оқиғаларының басым бөлігі жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбағандықтан орын алады» дейді мамандар.