Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Маңғыстауда COVID-19 жұқтырған 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Маңғыстау облысында 11 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырып, карантиндік стационарда жатқан науқастардың саны 57-ге жетті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 09 Қазан, 2020
Ақтау колониясында тінту кезінде 300-ден астам ұялы телефон тәркіленді
Биылғы жылдың 9 айында жоспарланған іздестіру іс-шаралары барысында 348 ұялы байланыс құралдары, 105 тесуге және кесуге арналған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қазан, 2020
Маңғыстауда эпидемиялық ахуал тұрақты
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Тарих • 07 Қазан, 2020
Маңғыстауда Сайын Шапағатовтың 80 жылдығы аталып өтті
Маңғыстауда қазақтың қоғам қайраткері, саясаткер, инженер Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 80 жылдығы атап өтілуде. Мерекелік шараға аймақ басшысы Серікбай Трұмов қатысып, тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Қазан, 2020
Ақтауға Стамбулдан ұшып келген 11 жолаушы стационарға жатқызылды
Бұл туралы Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz МО қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Пікір • 07 Қазан, 2020
Пошта қызметі туралы әңгіме қозғағанда халықтың бұл мекемеге қатысы, яғни оның қызмет түрлеріне жүгіну сипаты туралы айтуға тиіспіз. Әсіресе, баспасөзге жазылу және жазылған газет-журналдарды үйді-үйлерге тарату қызметі аса маңызды.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Құландыда тұрғын үйлерге интернет желісі тартылуда
Қарақия ауданының Құланды ауылында тұрғын үйлерге талшықты оптикалық интернет желісін тарту жұмыстары қарқынды. Бұл туралы Құланды ауылдық округінің әкімі Санат Төкенов мәлім етті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық коммуникация орталығы.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Ақтауда жоғарыдан құлаған баланың жағдайы жақсарып келеді
Ақтау қаласы 33 ш/а көпқабатты үйлердің бірінен, нақтырақ айтқанда 4-ші қабаттан 4 жасар баланың құлап кеткендігі жөнінде "103" қызметіне шақырту түскен болатын. Оқиға қазан айының 4 күні сағат шамамен 14:55 уақытында болған.Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, жарақат алған баланы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген.Бұл туралды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 06 Қазан, 2020
Дәрігерлер тегін жолдамаға ие болды
Індет кезінде ілгері шепте жүрген дәрігерлердің еңбегін елі ескерусіз қалдырмауда. Пандемия кезінде ақ халатты абзал жандар өздерінің кәсіби борышын абыроймен орындады. Жұқпалы аурумен күресуде ештеңеге қарамай жеке бастарын қауіп-қатерге тігіп, жұмысын жалғастырған барлық ақ халаттыларға қанша алғыс білдірсек те жеткіліксіз. Кәсіподаққа COVID-19-бен күресуде алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерінің өз күштерін қалпына келтіруі өте маңызды, дейді тұрғындар.
Руханият • 06 Қазан, 2020
Үлкенді құрметтеп, кішілік ізетін танытуды жазылмаған заңы санайтын халқымыз ізгі дәстүрінен қандай жағдайда да жаңылмай келеді. Оған 1 қазан – «Халықаралық қарттар күні» мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан қарт сотталғандардың назардан тыс қалмай, мереке күні өз басшылығы мен әріптестерінің құрметіне бөленуі дәлел.