Аймақтар • 31 Қазан, 2020
"Атамекен" ҰКП VII съезінде маңызды шешімдер қабылданды
Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2020
Мұнайлыда гидропоника саласы дамып келеді
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Мұнайлы ауданындағы шаруа қожалығы гидропонды жасыл жем өндіру жобасын қолға алды. Бұл туралы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2020
Маңғыстауда кәсіпкерлерге микронесиелер қолжетімді
"Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы шағын және орта бизнес кәсіпкерліктері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл туралы Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген мәлім етті. Оның айтуынша кәсіпкерлерге өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге 20 млн теңгеге дейін микронесие беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Қайта әлеуметтендірудің нысандары мен әдістерін жетілдіру кездесуі өтті
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің базасында, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендірудің нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелерін пысықтау, аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік-құқықтық сүйемелдеу мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Сотталғандарды тінту барысында тиым салынған заттар алынды
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеушілерге жоспарлы тінту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2020
Бекет атаның 270 жылдығына орай халықаралық конференция өтті
Ақтау қаласының Yessenov University базасында Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған "Бекет Ата – түркі әлемінің танымал тұлғасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 28 Қазан, 2020
Қоршаған ортаны қорғау ісінде сылбырлық басым
Табиғаттты қорғау – тіршіліктің кепілі. Маңғыстауда бұл бағытта табиғат жанашырлары тарапынан игі шаралар қолға алынғанымен, қарақшылық, қатыгездік және табиғатты аяусыз бүлдіру мәселелері де орын алуда. Мұнайлы өңірдегі арнайы қамқорлықты, қолдауды қажет ететін Қаракөл көлі туралы айтылар нәрсе аз емес.
Экономика • 27 Қазан, 2020
Кәсіптің тілін таба алған адам оның тасын өрге домалата алады. Кәсіпті бастамас үшін алдымен қоғамға қандай нәрсе қажет, оны жасай алу мүмкіндігім қаншалықты деген сауалдарды ой тезінен тереңірек өткізу маңызды. Кәсіп бастауға талпынып, бүгінде ісінің жемісін өзі де, өзгелер де көріп отырған көпбалалы ана – Гүлзия Қойлығұлова.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
«Өзіміздің тұмау» өкінтпесін десеңіз...
Әлем елдеріндегі, сондай-ақ республика өңірлеріндегі ахуал секілді Маңғыстауда да соңғы күндері індетке қайтадан «жан біте» бастағандай. Мысалы, 19 қазандағы жағдай бойынша облыста 3 372 адамға коронавирус инфекциясына жүргізілген ПТР-тестілер оң нәтиже көрсетті. Оның 3 282-сі аурудан жазылып шықса, 72 науқас қайтыс болды.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Құлқын құрдымға құлатып тынады
Маңғыстауда салынып жатқан жол құрылыстары туралы әңгіме көп. Беті жылтырағанмен, салынып жатқан жолдардың сапасы сын көтермей тұр. «Парсы кілемі» деп аталған жолдарды асфальтімен қосып тұтас сыпыра көтеріп алуға болатын болса, газ өткелін қақ ортаға алып, сардия қалған түпқарағандық даңғылдың жыры желілерге жүк болды.