Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта тұр
Маңғыстау облысы коммуникация орталығында өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Бердібек Саралтаевтың айтуынша, соңғы аптада Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта. 27 қазан мен 2 қараша аралығындағы көрсеткіш бойынша өңірде 30 коронавирус инфекциясы мен 13 пневмония белгісі бар науқас анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 160 медицина қызметкеріне өтемақы төленді
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 160 медицина қызметкеріне 320 млн теңге өтемақы төленді. Қауіпті індеттен көз жұмған 8 медицина қызметкерінің жанұясына 80 млн теңге, қосымша 1 қызметкерге жергілікті бюджеттен 10 млн теңге төленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Мал терісінен қолөнер бұйымдарын жасайды
Маңғыстау ауданының Үштаған ауылында қазақ халқының қолөнері мен тұрмыста жиі қолданылатын бұйымдарын жасаудың ерекше үлгісі дамып келеді. Ауылдың байырғы тұрғындары Мұсахан мен Елейхан Егізбаевтар білгендерімен бөлісіп, жастарға үйретіп жүр.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Қоғамдық көлік – халық игілігіне
Ақтау қаласының автобус паркі 18 заманауи үлгіде жасақталған қоғамдық көлікпен толықты. Автобустар Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» АҚ зауытында құрастырылған.
Медицина • 03 Қараша, 2020
Жаңаөзенде – жаңа ПТР зертханасы
Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаеваның айтуынша, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 млн теңге бөлінген.
Қоғам • 03 Қараша, 2020
Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерді кәсіпке баулиды
Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен мүгедек баласы бар аналарға арналған жоба басталды. «Ерекше жандардың сәттілік синергиясы» деп аталатын жоба Орта Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау аясында жүзеге асырылды.
Медицина • 03 Қараша, 2020
Еңбегі ересен эндоскопист дәрігер
Білімді, білікті дәрігердің есімі ел аузында жүреді. Алдына барып көрмеген адам да есіміне сырттай қанық болып, құрметі қалыптасады. Ақтау қаласындағы жоғары санатты хирург-эндоскопист дәрігер Болат Керейұлы осындай құрметке ие.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Сотталғандар еріктілермен бірге еңбек етуде
Маңғыстау облысында «Көмек қолы» бірлескен акциясы жалғасуда, яғни Ақтау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері «Біз адамдармыз – біз біргеміз» қоғамдық қорымен, «Қазақстан еріктілер лигасымен» бірлесе отырып, «Шанс» қоғамдық қорының жануарларды уақытша ұстау орталығында кезекті сенбілік өткізді.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Тұщықұдық-Шебір жолы пайдалануға берілді
Маңғыстау ауданы Тұщықұдық пен Шебір арасын жалғайтын автожолдың құрылысы аяқталды. Енді Маңғыстау ауданының тұрғындары ешбір қиынддықсыз, жаңа жолмен қатынайтын болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Қарақияда мүгедектер спорт клубына қолдау көрсетілді
Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында орналасқан "Жігер" мүгедектер спорт клубына "Оғланды-Бекет ата" қоры қолдау көрсетіп, фитнес орталыққа спорттық құрал жабдықтар табыстады. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті.