Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1849 материал табылды

Экономика • 03 Маусым, 2020

Салық өсімпұлы салмақ емес пе?

Ел өміріне килігіп, күнделікті тіршілік ырғағын теңселтіп жіберген төтенше жағдай – карантин шаралары ешкімге оңай тиген жоқ. Ал күнделікті кірісі мен шығысын қалт жібермей қадағалап, нәсібінің ағынын реттестіріп отырған кәсіпкерлерде қапелімде абдырап қалғаны жасырын емес. Алайда оқыстан кездесетін қиын жағдайларға тез әрі тиімді оңтайлана білу, тығырықтан шығар ұтымды жолды таба білу сынды іскерлік ұйымдастыру қабілеттер кәсіпкерлерге етек-жеңін жинауға мүмкіндік берді, бірақ қаржылық қиындықтар әлі де өз шешімін табатын күнді күтуде.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Қазақстандық әскер қатары толықты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне 255 кіші маман келіп, өз мамандықтары бойынша кіші командирлер ретінде қызметке кірісіп кетті, деп хабарлайды аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Жаңаөзенде күніне 1000 адам ХҚКО қызметіне жүгінеді

Карантин мерзімінде халық қауіпсіздігі үшін ХҚКО уақытша жұмыстарын тоқтатып онлайн режімде қызмет жасады. Екі ай ішінде бірнеше адамның төлқұжаты мен жеке куәлігінің мерзімі өтіп, бірнеше адам қажетті анықтамаларын ала алмады.

Саясат • 02 Маусым, 2020

«КезБидегі» кикілжің: тараптар әділ шешімді күтуде

Бірден ашып айтсақ, мұнай саласына сервистік қызмет көрсететін «КезБи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Маңғыстаудағы мақтаулы компаниялардың бірі. Аталған компанияға жұмыс істеуге табанын бір іліктіруді армандап жүрген жан қаншама?! Өйткені серіктестік жұмысшыларының шұрайлы тұрмысы, уақытымен алатын жарытымды жалақысы қызықтырмай қойсын ба! Сөйткен үлгілі «КезБи» мекемесінде дау туды. Компанияның бір топ жұмысшысы мекеме алдында ереуілдетіп тұрған видео ел аралап кетті. Қолдарына ашулы сөздер жазылған плакаттар ұстаған жігіттердің алдына шыққан белсенді Мемлекет басшысына үндеу жолдайды.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Маңғыстауда «Бастау-бизнес» оқыту курсы басталады

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Аманат Махмутов мәлімдеді.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Маңғыстауда жағажай мен демалыс базалары жұмыстарын бастайды

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Әсет Өтеғалиев мәлімдеді.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Маңғыстау: Блок-постта жұмыс істеген полицейлер марапатталды

Маңғыстауда төтенше жағдай кезінде 11 блок-бекет және 5 жылжымалы бекет тәулік бойы жұмыс істеді. Бүгін таңертең Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында орналасқан №5 блок-бекетінде карантин кезіндегі ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

«ҚазМұнайГаз» өндірістегі қызметкерлерді қысқартпайды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен Атырау және Маңғыстау облыстарына барды. Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы балаларды қалай қуантты?

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің балаларына онлайн режимде концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Маңғыстау: Құрықта кеме жасалады

Сауда-саттық тасымалы, келім-кетім ағыны экономикаға күш беретін басым бағыттардың бірі болғандықтан Маңғыстау жарты аралының өткізгіштік мүмкіндігінің маңызы арта түсті.