Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1849 материал табылды

Экономика • 11 Маусым, 2020

Маңғыстау экономикасындағы маңызды бағыттар айқындалды

Қазыналы өңірдің экономикасын өркендетуге серпіліс беретін стратегиясы жасақталды. Стратегия негізгі өңдеу өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті, туризм саласындағы мүмкіндіктер және көлік пен логистика саласын дамыту сынды төрт бағытты құрады.

Білім • 10 Маусым, 2020

Маңғыстауда аймақ басшысы қанша білім грантын бөледі?

Жылдағы дәстүр бойынша маусым айында өтетін ҰБТ қорытындысымен мемлекеттік гранттар бөлінеді. Министрлік тарапынан биылғы мемлекеттік грант көлемі 69 256 орынға бекітілді. Оның ішінде бакалавриатқа - 53 785 грант, магистратураға - 13159 грант, PhD докторантураға - 2312 грант, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Жаңаөзенде аурухана қызметкерлері 37 млн теңгені жымқырған

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы балалар ауруханасының қызметінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 37 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы.

Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Итбалықтардың әрекеті түсініксіз болып тұр

Жаз басталып, карантиннің құрсауынан босаңсыған теңіз жағалауының тұрғындары айдынға барып құрыс-тырысын жаза құлаштай жүзіп, рахаттана демалуды бастап кетті.

Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Салықтың өсімпұлы соққы болып отыр

Тіршілік ырғағын теңселтіп жіберген төтенше жағдай, карантин шаралары ешкімге оңай тиген жоқ. Ал күнделікті кірісі мен шығысын қалт жібермей қадағалап, нәсібінің ағынын реттеп отырған кәсіпкерлердің де қапелімде абдырап қалғаны жасырын емес. Алайда оқыстан кездесетін қиын жағдайларға тез әрі тиімді бейімделіп, тығырықтан шығар ұтымды жолды таба білген кәсіпкерлер етек-жеңін жинап алды. Дегенмен, олар қаржылық қиындықтар әлі де өз шешімін табатын күнді күтуде.

Руханият • 09 Маусым, 2020

Жүн мен жіпті бояудың тәсіл мен тәлімі

Малдың жүнін жуып-шайып тазартып, кептірген соң қажетіне қарай сан түрлі бояумен әбден қанықтыра бояп көздің жауын алатын әсем дүниелерді – қолөнер бұйымдарын жасап шығаруда аналарымыз алдына жан салғандығы соншалықты, мұны қазақтың ұлттық қолөнерінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптастырып, дамыта алды.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

«ҚазМұнайГаз» құрамынан «ҚазТрансГаз»-ды қалай шығарады?

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «ҚазТрансГаз» АҚ-ны «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағынышты етуді ұсынды. Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды, деп хабаралйды аталғна компанияны жұртшылықпен байланыс қызметі.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Маңғыстауда экологтар күні аталып өтілді

 Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Экологтар және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты елдегі жағдайды ескере отырып, аймақтардағы ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық бөлімшелер «Zoom» платформасы арқылы қосылған болатын, деп хабарлайды Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Маңғыстау: Байқау жеңімпаздары марапатталды

Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы дәстүрлі түрде өткізетін байқау биыл да жалғасын тапты. Ал жеңімпаздарды құттықтау «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн жүргізілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Эко-амбассадор жасанды көлге халықаралық мәртебе беруді сұрайды

Эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов «Жер бетіндегі өмірді қорғау» атты 2020 жылғы Дүниежүзілік жабайы табиғат күні тақырыбына қайта орала отырып, Расмсар Конвенциясы туралы ұғымды және осы маңызды халықаралық құжаттан Қазақстан табиғаты үшін пайданы журналистерге түсіндіріп өтті.