Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жастар комитетінің ұйымдастыруымен студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы биылғы маусымын салтанатты түрде ашты.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысында жаз басталғалы 107 өрт тіркелген
Биылғы жаз маусымы басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 5,6 га болатын 2 орман өрті және қураған шөп пен ағаштардың 107 жануы тіркелген. Бұл жөнінде жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков хабарлады.
Руханият • 04 Маусым, 2019
Қаратөбеде өлкетанушыны еске алды
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында белгілі өлкетанушы, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, ардагер журналист, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Қайыржан Хасановты еске алуға арналған кеш өтті.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Биыл мамыр айында Орал жоғары аграрлы техникалық колледжінде түрлі саладағы жылқышы мамандарын даярлайтын алты айлық курс ашылды. Мұнда дәстүрлі қазақ мал шаруашылығындағы жылқы бағу әдістері, қымыз дайындау, жайылымды тиімді пайдаланудан бастап, мал терісін, сүйегін, тіпті тезегін тиімді жарату тәсілдері үйретілмек.
Руханият • 31 Мамыр, 2019
Жақында Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Ораз Исаевтың туғанына 120 жыл толуына орай мерекелік шаралар өтті. 9 жыл Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы болған Ораз Жанұзақұлы «Егемен Қазақстан» газетіне де бөтен емес: басылымның 100 жылдық тарихында газетке басшылық еткен редакторлар тізімінде Ораз Исаев №13 болып тұр.
Руханият • 30 Мамыр, 2019
Сегізсай алқабы Жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарына енгізілді
Батыс Қазақстан облысындағы 300-ден астам сармат обалары сақталған Сегізсай алқабы еліміздің Жалпыұлттық қасиетті орындары тізіміне кірді. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин хабарлады.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
Толғақты мәселелер талқыға салынды
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Орал қаласындағы Достық үйінде бас қосып, білім беру сапасын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске қосу, ҚХА құрылымдық бөлімшелері құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді талқыға салды.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
«Ұлы Дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүрді
Орал қаласынан шыққан «Ұлы Дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүріп, Ресей Федерациясының Астрахань, Пятигорск өңірлерін аралап, Қырым түбегіндегі Ялта және Бақшасарай қалаларында болды. Саяхатшылар Бөкей ордасының соңғы билеушісі Жәңгір ханға қатысты тың мәліметтер тапқан.
Руханият • 28 Мамыр, 2019
Оралда «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының 2-томы таныстырылды
Орал қаласында «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинағының екінші томы – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының киелі орындарына арналған тарихи-танымдық жинақтың тұсауы кесілді. Кітапты жергілікті өлкетанушылар алдында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали таныстырды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2019
Оралда жас мемлекеттік қызметшілердің тіл байқауы өтті
«Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тіл шебері-2019» атты жас мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық байқау ұйымдастырды.