Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1864 материал табылды

Технология • 06 Сәуір, 2020

Microsoft 21 сәуірден бастап Microsoft 365 қызметін ұсынады

Microsoft компаниясы 21 сәуірден бастап Office 365 – Microsoft 365 деп аталатын жаңа қызмет түрін ұсынады. Microsoft 365 –  бұл жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктерін, әртүрлі мазмұн мен үлгілерді, сондай-ақ мәтін, презентациялармен және безендірумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру үшін бұлтты есептеулерді қолданатын Office 365 эволюциясы. Жақындарымен байланысты нығайтуға, отбасылық және достық қарым-қатынасты қарапайым әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет деуге негіз бар. Жаңа мүмкіндіктер 21 сәуірден бастап қолоданыста болады. Ал келесі айларда 38 миллионнан астам Office 365 жазылушылары оларға біртіндеп қол жеткізеді деп болжанып отыр.

Қазақстан • 06 Сәуір, 2020

Отызға жуық елде Mastercard төлемдері ПИН кодсыз жасалады

Mastercard ПИН-кодты енгізбейтін төлем жүйесін 29 елде, оның ішінде Қазақстанда жүзеге асыра бастады. Бұл аймақтағы пайдаланушылар үшін төлем жасау мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Polytech Online: Студенттер Қазақстанның кез келген бұрышынан білім алады

Білім беру жүйесінің ғаламдық жаңа беталысы онлайн оқытуды Stanford, Berkley, MIT секілді ірі-ірі университеттер дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Бұл жалпы карантиндік жағдайда қазақстандық университеттер үшін сынақтан өтудің де, әрі осы бағыттағы жетістіктерді көрсетудің де жақсы мүмкіндігі болуы тиіс.

Әлем • 06 Сәуір, 2020

Оңтүстік Кореяда қашықтан оқу 20 сәуірден басталады

EBS мемлекеттік білім беру каналы бойынша Оңтүстік Кореяның 1−2-сынып оқушылары 20 сәуірден бастап қашықтан оқу жүйесіне көшетін болады.

Білім • 04 Сәуір, 2020

ҚазҰУ-де «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының ұйымдастырумен «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.

Білім • 04 Сәуір, 2020

Қашықтан оқытудың сапасы қатаң бақыланатын болады

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында мамандар қаладағы жоғары оқу орындары мен білім орталықтарын аралап, қашықтан білім берудің қалай өткізіліп жатқандығына орай бақылау жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.

Әлем • 04 Сәуір, 2020

Ресей мұнай өндіру көлемін 10 млн баррельге дейін қысқарту мүмкіндігін ұсынды

Күні кеше Ресей Президенті мұнай нарығында туындаған мәселелерді шешу үшін АҚШ-пен, сондай-ақ басқа да елдермен күш-жігерді біріктіруге дайын екендігін білдірді. Владимир Путин жаһандық энергетикалық нарықтағы жағдайға қатысты өткен жиында «Нарықты тұрақтандырып, мұнай өндіруге бағытталған әрекеттерді үйлестіру үшін бірлескен күш-жігер қажет. Алдын ала болжам бойынша әңгіме мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 миллион баррельге дейін қысқарту жайында болуы мүмкін»  деп атап өтті. Рсей мұнай бағасының тым жоғары болғандығын қалаған емес, сондай-ақ бағаның тым төмендеп кетуін де қолдамайды. Осыған орай Ресей тарапы ОПЕК + мәмілесін ұзартуға ұсыныс білдіргенімен, нарықтағы жағдай басқаша сценарий бойынша бағыт алып кеткені белгілі.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Денсаулық сарапшылары вирустан қорғану кезінде бетпердені қолмен ұстауға болмайтынын ескертеді

Денсаулық сақтау саласының сарапшылары коронавирус инфекциясының алдын алуда бетперделер мен қолғаптарды киюдің көпшілік қаперге ала бермейтін тұстары жеткілікті екендігін айтады.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2020

Қорғаныс кәсіпорындары медициналық мақсаттағы өнімдерді шығаруға жұмылдырылған

Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары коронавирустық инфекцияның таралуын жоюға бағытталған жалпы мемлекеттік іс-шараларға жұмылдырылған. Өндірістік бағыттар бойынша да, қаржылық көмек көрсету жағынан да күш-жігер жұмсауда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі деректері бойынша конверсия шеңберінде қорғаныс кәсіпорындары жедел тәртіппен жалпы және медициналық мақсаттағы азаматтық өнімдерді шығаруға көшкен.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2020

Автомобиль жолдарында да дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды

Төтенше жағдай кезінде шарттық міндеттемелерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін жол компанияларына айыппұл санкциялары қолданылмайды, делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.