Медицина • 30 Наурыз, 2020
Медицина университетінің студенттері карантин орталықтарында болды
Алматы қаласының карантиндік орталықтарында және еріктілер штабында қазір ҚазҰМУ-дың 50-ден астам жоғары сынып оқушысы жұмыс істейді. Резиденттер мен интерндердің тәжірибе алаңындағы жұмысы қауіпті болғанымен де, олар күнделікті таңертеңнен кешке дейін жұқпалы ауру дәрігерлеріне көмектесіп жүр.
Медицина • 30 Наурыз, 2020
ДДСҰ: COVID-19 вирусымен күрес кезінде туберкулезге қарсы шаралар күшейтілуі қажет
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін туберкулез инфекциясы бар адамдарды белсенді түрде емдеу мен алдын алу шараларын күшейтуге шақырады. Аталған ұйым деректері бойынша, бүгінде әлем халқының төрттен бір бөлігі құрт ауруының бактерияларын жұқтырған. Иммунитет әлсіреген жағдайда оларда туберкулезбен ауыру қаупі жоғары.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2020
Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы «Жақсылық челленджін» бастады
Алматыда Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығына кіретін қазақстандық компаниялар коронавирустан сақтану барысында жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауға байланысты медициналық жинақтар, гигиеналық және 7,5 млн теңгеге залалсыздандыру құралдарын қазақстандық компанияларға, медициналық мекемелерге, балалар үйлері мен «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығына тегін үлестірді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Кәсіпкерлер палатасы карантин кезінде жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға ықпал етті
Алматыға қала маңындағы жұмысшылардың кіруіне тыйым салынуына байланысты кейбір компанияларда жұмысшылар санының жетіспеушілігі орын алып отыр. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезіндегі кадрлық мәселелерді анықтау мақсатында 874 кәсіпорынның жұмысшыларын жұмыстан босатуына байланысты онлайн-сауалнама жүргізген.
Әлем • 29 Наурыз, 2020
Әскерилер Тәжікстаннан қазақстандықтарды эвакуациялады
Тәжікстаннан 26 қазақстандық елге оралды. Қазақстан азаматтары бар ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды, делінген ҚР Қорғаныс министрлігінен жолданған ақпаратта. Осы жолы әскерилер С-295 әскери-көлік ұшағымен Шымкент қаласынан Тәжікстанға сол елдің 20 азаматын жеткізді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Алматыда бірқатар азық-түліктің бағасы 5-7% қымбаттаған
«Атамекен» ҰКП «Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік компаниялардың сатып алулары арқылы отандық өндірушілерді қолдау мақсатында 12000-нан астам тауардың, сондай-ақ отандық өндірушілердің тізімін әзірлеген.
Әлем • 28 Наурыз, 2020
Ресейден шетел асқан қаржы салығы 15 пайызға ұлғаяды
Ресейде шетелге кететін дивидендтерге салынатын салық мөлшері 15 пайызға ұлғаятын болды. Егер де бұл талаптармен келіспейтін болса, ондай мемлекеттермен ел үкіметі келісімдерден бас тартады.
Әлем • 28 Наурыз, 2020
ДДСҰ: 2030 жылға қарай мейірбике ісі мен акушерлік салада 9 миллион жұмыс орны қажет
Медицина қызметкерлері арасында медбикелер мен акушерлер медициналық қызметтің рөлі жоғары делінген ДДСҰ мәліметтерінде. Олардың ана мен бала өмірін арашалап қалуда, вакцинация кезінде, медициналық кеңестер беруге, қарт адамдарға қамқорлық жасау мен халықтың күнделікті денсаулық сақтау қажеттіліктерін қанағаттандырудағы көмегі зор.
Экономика • 28 Наурыз, 2020
Әлемдік дағдарыс авиация саласына да әсер етуде
Коронавирустық пандемия авиациялық техникасы өндірісіне әсер етіп, өндіруші компаниялар жаңа гигиеналық талаптарды ескере отырып, флотты дамыту мен жаңа ұшақтар алу жоспарларын қайта қарастыруда.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыда карантин кезінде атты патруль қызметі күшейтілді
Оңтүстік астанадағы карантин режиміне қарамастан, полиция бекеттерін айналып өтіп, заң бұзып жатқан азаматтардың аяғы тыйылмай отыр. Коронавируспен күресте әрбір азаматтың үй аумағынан шықпауы аса маңызды болғанымен, ел үкіметі қабылдаған қатаң шараларды айналып өтіп жатқандармен күрес әлі де жалғасуда. Осы орайда Алматы полициясы көлік бара алмайтын аумақтарға атты патрульдерді жіберіп, құқықтық тәртіпті күшейте түсті.