Қазақстан • 07 Шілде, 2020

"ТМД-ның үздік студенті-2020" жобасының жеңімпазы анықталды

1829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми-зерттеу жұмысында, шығармашылықта, студенттік өзін-өзі басқаруда, спортта белсенді қатысқан студенттерді анықтау және ынталандыру және ғылым мен білімді дамыту үшін ортақ біріктіруші алаң құруды мақсат еткен жоба аясында қазақстандық студент үздік деп танылды.

"ТМД-ның үздік студенті-2020" жобасының жеңімпазы анықталды

Қазақстан ғалымдары конгресінің қолдауымен "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысы Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған "ТМД-ның үздік студенті-2020" республикалық жобасында Абай атындағы ҚазҰПУ "Дефектология" мамандығының, "Арнайы білім беру" кафедрасының, педагогика және психология институтының 3 курс студенті Есенгелді Тамирис қатысқан болатын.

1

ТМД студенттерінің ынтымақтастығын қалыптастыру жобасына Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және т. б. ең үздік студенттері қатысты.

2

Байқау нәтижесі бойынша Есенгелді Тамирис (ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., аға оқытушы М.Ж. Құлжабаева) естелік медальмен, І дәрежелі дипломмен марапатталды және "Талантты жастар энциклопедиясы" Республикалық студенттік кітап топтамасының үздік студенттерінің II жинағына енді, сонымен қатар оның өмірбаяны ISBN халықаралық стандартты нөмірін беру жинағында жарияланды.